ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

«Ақсу» тарихында алғаш рет ҚПЛ-де өнер көрсетеді. Байсуфинов бұл нәтижеге кемі 3-4 жыл қажет екенін айтқан

Ертістің жағасынан «Ертістің» орнын басар лайықты клуб өсіп келеді. «Ақсу» бар-жоғы үш жылдың ішінде Қазақстан Премьер-лигасының деңгейіне жетіп, Павлодардың футболсүйер қауымына қуаныш сыйлады. Осы орайда Meta-ratings.kz тілшісі тарихында алғаш рет ҚПЛ-ге жолдама алған клуб жайлы азды-кем ақпараттармен бөліспек.

«Ақсу» ФК

«Ақсу» 2018 жылы Павлодар облысына кіретін Ақсу қаласында құрылған. Тәй-тәй басқан алғашқы қадамдарын Екінші лигадан бастап, Қазақстанда үшінші дәрежелі саналатын чемпионаттағы тұңғыш маусымдарында 21 команданың ішінен 15-ші орынды қанағат тұтты. Келесі маусымда жағдай айтарлықтай өзгере қоймады. Ақсулықтар 2019 жылғы Екінші лиганың маусымында бақ сынаған 17 команданың артқы бөлігінде болып, 13-ші сатыдан көрінді.

Ал 2020 жылғы маусымда карантиннің салдарынан Екінші лиганың командалары бірнеше топқа бөлінді. «Ақсу» «Шахтер», «Жетісу» һәм «Алтайдың» жастары және БЖМОРСМ №8 командасымен төртінші топта болып, жеңімпаз атанды. Сөйтіп, Бірінші лигаға жолдама алды.

«Ақсу» ФК

Бірінші лигадағы дебюттік маусымдарын бес матчтық жеңіліссіз сериямен бастады. Жалпы 21 ойынның тек екеуінде ғана жеңілістің ащы дәмін татты. Бесеуінде тең түсіп, 14 матчта жеңіс тойын тойлады. Соңғы 22-турда Қаратауға қонаққа барып, «Тараз-Қаратаумен» күш сынасады.

«Ақсудың» «Ертіс» құрдымға кеткеннен кейін қаңырап қалған Павлодардағы «Орталық» стадионда өнер көрсететінін де айта кеткен жөн. Ал команданы ұлттық құраманың физикалық дайындық бойынша жаттықтырушысы, қазақстандық маман Еслямов Марат баптайды. Еслямов өткен маусымда «Ақсудың» физдайындық бойынша бапкері қызметінде болған. Оған дейін Қазақстан жастар құрамасының бапкерлік штабында еңбек етті. Ал футболшы ретінде «Намыс», «Есіл» және «Химик» клубтарының намысын қорғаған.

Марат Еслямов

Ұлттық құрама туралы сөз қозғалғаннан кейін «Ақсуда» Қазақстан ұлттық құрамасының қазіргі бас бапкері Талғат Маруаұлы да қызмет еткенін айта кеткен жөн. Сол заматта, 2020 жылдың тамыз айында берген сұхбатында Байсуфинов Қазақстан Премьер-лигасына шығу үшін 3-4 жыл керек деген екен:

«Бұл өте қиын сұрақ. Егер облыс басшылығы осындай міндеттер қойса, онда жақсы селекциялық жұмыс арқылы бұл мәселені кезең-кезеңімен шешуге болады және 3-4 жыл ішінде Премьер-лигада боламыз деп ойлаймын. Егер біз павлодарлық футболшыларға баса назар аударатын болсақ, онда одан да көп уақыт қажет болады».

Дегенмен «Ақсу» екі жылға жеткізбей Жоғарғы дивизионға қадам басты. Мұнымен Маруаұлы қателесті дегіміз келмеді. Ол кісінің Павлодар футболына қосқан үлесі біршама. Облыс басшылығына «Ақсуға» бірде-бір легионер шақырмай, жергілікті футболшылармен көтерейік» деген де Байсуфинов еді. Расында да ақсулықтар шетелдік ойыншылардың көмегінсіз-ақ тек қазақстандық аяқдопшылармен ҚПЛ-ден бір-ақ шықты. Әрі қарай да өзіміздің оғландармен оза шапса, нұр үстіне нұр болары хақ.

Жастарға үлкен мүмкіндік беру арқылы қазақ футболының сахнасында Мирас Тұрлыбек сынды сұрмерген пайда болды. 20 жасар «Ертістің» тәрбиеленушісі Бірінші лигада 20 гол соғып, сұрмергендер тізімінде көш бастап келеді. Бірақ Қазақстан жастар құрамасына соңғы сәттерде ғана шақыртылып, тіпті ойын уақыты берілмейтіні қынжылтады. Не болса да бұл жігіттің болашағына үлкен үмітпен қарап отыр көзі қырағы көрермен.

Мирас Тұрлыбек

«Ақсудың» ҚПЛ-ге мерзімінен бұрын жолдама алуына «Оқжетпестің» қарыздарына байланысты ҚФФ шешімімен тоғыз ұпайынан айырылғаны да септігін тигізгені сөзсіз. Алайда егер көкшетаулықтар барлық қарызын өтесе, ұпайлары қайтарылуы мүмкін деген жаңалықтар да бар.

Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов: «Жарайсыңдар, жігіттер! Құттықтаймын, жерлестер! Тек жеңіс тілеймін», деп жылы лебізін білдіргенімен, кейбір дереккөздердің мәліметінше, облыс әкімдігі «Ақсуды» келер жылы толықтай қолдауға құлшынып отырған жоқ екен. Клубтың өзі де жаңа маусымда әкімшілік лайықты демеушілік танытады дегенге күмәнмен қарауда. Енді алда қандай да бір қаржылық қиындықтар немесе стадионның стандартқа сай болуы сынды тағы да басқа мәселелер туындамаса, «Ақсу» 100% ҚПЛ-2022 додасында бақ сынайды.

Фото: «Ақсу» ФК

«Ақсу» клубы туралы жаңалықтар

Больше новостей
Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
Девушки в спорте