ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Лучшее приложение 2024*
Winline KZ
PIN-UP KZ
Самый надёжный букмекер*
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

20 жасында көшеде қағаз таратып, 25-інде кәсіби футболға келіп, 29-да Франция құрамасына шақыртылды

2022 жылдың 17 наурызында Дидье Дешам 29 жастағы Жонатан Клоссты Франция ұлттық құрамасына шақырды. Латераль алғаш рет құрамаға шақыртылуын «Ланс» сапындағы командаластарымен бірге естіп, көз жасына ерік берді.

Meta-ratings.kz тілшісі 30-дың ордасын бұзуға жақын қалса да, енді ғана таныла бастаған футболшы туралы деректер жинады.

Жонатан бір жарым жыл бұрын «Ланс» қатарына қосылды. Бұл оның топ-дивизиондағы алғашқы командасы. Клосс кәсіби мансабын 25 жасында ғана бастағанын да айта кеткен жөн.

Жонатан 18 жасында «Страсбур» академиясынан түлеп ұшып, ешкімге керек болмай қалды.

«Біздің ойлауымызды роботтандыруға тырысты. Күн сайын – жаттығу, демалыс күндері – бір матч. Процесске ризамыз ба, жоқ па – оны ешкім сұрамайды. Академиядан кейін өз рақатым үшін ойнай бастадым. 90 минут бойы футболдан ләззат алдым», – дейді Клосс (осында және әрі қарай оның Лига 1 сайтына берген сұқбатынан үзінділер).

«20 жасқа толған кезімде ойлануға тура келді. Достарымның жұмысы, жеке баспанасы болды. Ал менің қолымнан қарапайым тамақ жасау да келмеді. Ең қиыны қолымнан футбол ойнаудан басқа ештеңе келмейтінін қабылдау болды. Егер футболда ештеңеге қол жеткізбесем, өмірде де биік белестен көріне алмаймын, – деп толғанатын Жонатан.

Жонатан Клосс

Клосс күнделікті өмірге бейімделуге тырысты. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі мамандығын оқып, әртүрлі жерлерде жұмыс істеді, бірақ ол сәтті бола қоймады.

Пошта орталығында сұрыптаушы болып қызмет етіп, күніне бірнеше сағатты таңдады, бірақ бұл жұмыс берушінің көңілінен шықпады. Достарымен футбол ойнауына байланысты тұрақты кестеге ыңғайлана алмады.

Одан кейін түнде жұмыс істеуден шаршағанға дейін екі апта қоймашы болды. Әрі қарай ет дүкенінде жұмыс істеді.

«Таңертеңгі сағат төртте тұратынмын, қоймада қатты суық болады, мен шұжықтарды алып, оларды бір-бірінен бөліп, мұқият пакетке саламын. Бір қорапқа 10 данадан. Осылар есімде жақсы сақталды», – дейді Клосс.

Сонымен қатар Клосс көшеде парақшалар таратты. Банан немесе түрлі жануарлардың костюмдерін киіп, малмандай тер болмады, бірақ Жонатан өмірінің бұл бөлігінен әлі де қатты ұялады. Ол бұл жұмысты істегісі келмеді, кейде оны анасы алмастырып, парақшалар таратып тұрған.

21 жасында Жонатан өміріне өзгеріс енгізуге шешті –жергілікті футбол жүйесінде өзін сынап көру және тәуелсіз өмір бастау үшін Германияға көшті. Бұл әдемі естіледі, бірақ, шын мәнінде, Жонатан өзінің Эльзасынан небәрі 75 шақырым жерде орналасқан Райнауға қоныс аударды.

Жонатан Клосс

Клосстың футболдағы мансабы оңайға соқпады. Ол Францияға қайта оралып, жыл сайын лигалар жүйесінде ақырындап өсумен болды. «Кевий Руан» сапында ақыры кәсіби ойыншы мәртебесін алды. Алайда 2017/18 маусымының қорытындысы бойынша клуб Екінші лигадан ұшып кетті, ал Клосс артқа қадам жасағысы келмеді.

В Сериясындағы «Веронаға» ауысуға мүмкіндік болды, бірақ Жонатанның жолын майлы бонус сұраған агенті жапты. Сөйтіп, бресттік «Динамода» (Беларусь) бір апта қаралымда болып, келісімшартқа қол қоятын шақ туғанда, клуб французға қызығушылық танытқан жаттықтырушыны жұмыстан шығарды.

«Жарайды, ештеңе етпес мен футболдан кетемін», – деді Клосс беларусьтік клубтың өкілдеріне жаңалықты естіген кезде.

Жонатанды оған осыған дейін Екінші Бундеслигадағы «Арминияның» қызығушылық танытқаны құтқарды. Жазғы трансферлік кезеңнің соңында клуб жарақаттарына байланысты екі ойыншыдан айырылып, Клоссты қатарға қосуға мәжбүр болды.

Әрі қарай екі керемет маусым өткізіп, чемпион атанып, Бундеслигаға шықты. Клосс сол кездің өзінде жетілген жігіт болды: «Линкстегі» (мансабының басындағы әуесқой клуб) екі жылында оның неміс тілі нөл болса, ал «Арминияда» сол уақыт ішінде тілді жетік меңгерді. Жалқау жігіттен футболды сүйетін еңбекқорға айналды.

Жонатан Клосс

Клосстың мансабына қатысты басты сұрақ – жастар деңгейінде болашағы бұлыңғыр көрініп, тек 25 жасында кәсіпқойлар қатарына қосылып, ал 30 жасқа таяғанда кенеттен Еуропаның ең үздік қапталдағы ойыншыларының тізіміне қалай енді?

Жонатанның өзі бұл туралы ұзақ ойланды. Жауап мынадай: «Парадокс, бірақ төмен лигаларды ойнау маған жоғарғы лигаларда өнер көрсетуден гөрі қиын болды. Әуесқой және жартылайкәсіпқойлар тактикаға алаңдамай, басты назарды физикалық дайындыққа қояды. Ал мен денеме сенімді емес едім және қақтығыстарға барудан қорықтым.

Жас кезімде әрқашан басқалардан кіші және аласа болдым. Мен бірнеше жыл бойы психологиялық және физикалық тұрғыдан футболшылармен иық тірестіре және қақтығыстарда сенімді ойнауға дайындалдым.

«Арминияда» мен барлық 90 минутқа шыдауды, аязға, жаңбырға, қатты желге төтеп беруді, нашар көгалдарда ойнағанымызға ренжімеуді үйрендім.

Ылғи «Ланстың» негізгі құрамына іліне бастағанда, ойыннан кейін дәрігермен бас пен көздің ауырсынуын жиі талқылайтынмын. Ақыл-ойдың шегінде жұмыс істедім», – дейді ол.

Жонатан Клосс

Жонатанның өзгелерден кештеу жарқырауының тағы бір себебі – өзіне сай позиция іздеу. Жастар арасындағы мансабында Клосс екінші шабуылшы қызметін атқарды. Тек төменгі лигаларда ғана оны латераль ретінде пайдаланып көрді. Жонатанның өзі 3-5-2 схемасында ойнауды ұнатады және оның не себепті оңтайлы екенін былай түсіндіреді:

«Қорғану оңай, ықшамдылық, қиып берілетін пастар үшін бос аймақ аз болады. Қорғаныс моделі әрдайым түсінікті – бес қорғаушы, орталықты тығыздайтын екі тіреуші ойыншылар. Шабуылшылар үшін жұмыс азайып, төменгі блокта аздап тынығуларына мүмкіндік болады.

Мүмкін, ақымақтық шығар, бірақ мен FIFA-да да 3-5-2 схемасын қолданамын. Ойында ол өмірдегіге қарағанда нашар жұмыс істейді».

Әрине, кумирі бар – Дани Алвес. Бірақ қазіргі заманғы ойыншылардан қызықты нұсқа пайда болды.

«Мен EURO-ны көргім келмеді, футболдан шаршадым», – деді Клосс өзіне Дензел Думфристі қалай ашқанын түсіндіріп. – Теледидарда Нидерландтың ойыны болып жатты. Дензел мені өзіне гипноздады. Ол барлық жерде жүрді: шабуылшы, экстремалды жартылай қорғаушы да болды. Сол жақта жүйіткіп, келесі шабуылда оң жақта өнер көрсетті. Командалық қорғаныс кезіндегі ғажайып еркіндігіне тәнті болдым.

Мен оны бұрын көрмедім, EURO-дан кейін оның «ПСВ» сапындағы бірнеше ойындарын көрдім. Менің ойымша, ол менен 3-4 есе мықты».

Иә, Клосс асыра мақтануды ұнатпайды. Франция чемпионатында статистика оны үздік деп тұрса да, ол өзін мықтымын деп санамайды.

Еуропада Жонатанды тек Тренд Александер-Арнольд артқа қалдыруда. Ал қазір Францияда оған тең келетіндер жоқ. Чемпионаттың ағымдағы маусымының 29 турында 28 матчқа қатысып, төрт гол соғып, тоғыз нәтижелі пас берді.

Ешкімге керек болмай, мансабының басында трансферлік құны 500 000 еуроға да жетпей, өзі де өмірге деген мотивациясын жоғалтып, шығар биігіне тек футболдың ғана көмектесе алатынын түсінген Жонатан Клосс қазіргі таңда қапталдағы үздік қорғаушылардың қатарына енеді. «Интер» Ашраф Хакимидің орнын басуға тұралықтай ойыншы деп қызыққан Клосстың қазіргі нарықтағы бағасы 10 миллион еуроны құрайды.

Франция құрамасы наурыз айында екі жолдастық ойын өткізеді. 26 наурыз күні Кот-д’Ивуармен күш сынасса, 30 наурызда Оңтүстік Африкаға қарсы тұрады. Клосс осы матчтардың бірінде құрамадағы дебюттік кездесуіне шығып, асқақ арманы орындалуы мүмкін.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
Девушки в спорте