ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Лучшее приложение 2024*
Winline KZ
PIN-UP KZ
Самый надёжный букмекер*
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Құрбан Бердыев қазақ комментаторына ақылын айтып, батасын берді

Танымал комментатор Ермұхамед Мәулен журналистикада басынан өткен шым-шытырық оқиғасын осылай баяндайды.

Комментаторлық қызметімде талай қызықтар болды. Әсіресе орсы салаға енді аяқ басып, алғашқы эфирдің дәмін тата бастаған шақтарымда талай қазақ пен дау-дамайдың ортасында жүрдім.

Бердыев

Ол кездерде әлеуметтік желі деген қатты дамымаған кезі. Сүреңсіз жүргізген ойындарымды және сол кезде айтқан миға сыймайтын кейбір сөздерімді, тұрақты емес тіркестерімді сынап-мінеп, теріп тұрып газетке мақала ретінде жазып жататын. «Ана тілі», «Айқын» «Жас Алаш» секілді газеттердің бетінде талай мәрте мені сынап өткен мақалалар ұшырасты. Олардың біразымен келісуге тура келді. Себебі, ол кезде небәрі жасым 21-де еді. Спорт журналистикасының да, өзімнің де деңгейім белгілі болатын. КазГуды енді бітірген сары ауыз шикіөкпе бала едім. Төрт жыл бойы тіл мен әдебиетті оқығаныммен іс жүзінде соның барлығын қолдана алудың өзі де бөлек өнер екен.

2010 жылдың 24-қыркүйегі. Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің 5-тур ойыны. Осыған дейін Еуропа лигасы мен Чемпиондар лигасының оншақты ойынын жүргізгенмін. Арнамыздың продюссері Павел Цыбулин неге екені белгісіз ресейлік командалардың ойындарын көрсетуге құмар еді. Алайда, олардың ішінде біз үшін Құрбан Бердыев баптайтын «Рубин» командасының ойындары қызық болатын. Жамбылдың «Фосфорында» футболды бастап, «Қайрат» сапында дүркіреген Құрбан Бикейұлы Қазанның командасын Ресей чемпионы қылып, Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне бір-ақ шығарған еді. Жерлесіміздің жеңістерін біз таңды-таңға ұрып жырлауға да бармыз ғой. Қазақстандық бапкер Бердыев деп тұрып мақала арасына іліп кетеміз.

Бердыев

Қазақстан Ұлттық арнасы Елбасының жарлығымен 1-қыркүйектен бастап тек қазақ тілінде хабар тарататын болды. Соның арқасында шынын айтуымыз керек бір рахаттанып қалдық. Арқаны кеңге сермеп, өзімізді қоғамға керек адам сезіндік. Футбол көрсетілімдерін де таза қазақша жүргізетін болдық. Қазақ комментаторларына сұраныса артты. Ал осыған дейін мұрнын шүйіріп жүрген орыстар мен орысқұлдар бізбен санаса бастады. Әйтпесе, білгенін істеп, басымызда ойнайтындай көрінетін. Қызықты матчтарды өздері жүргізіп, қазақ тілін жай қосарлап қоятын. Енді жағдай керісінше болды. Дегенімен, орыстілді Павел Цыбулин бар қазақ редакциясын басқара берді. Мақұл деп берген ойындарды жүргізе бердік. Қазақша жалғыз өзің отырып, 90 минут сөйлеген деген рахат екен. Бір футболды бір өзің басқарсаң шабытың ашылып, айта алмай жүрген небір әңгіменің шетін ағытады екенсің! Осы кезден бастап сөйлей бастадым. Тіл біткендей, тілімнің астынан тағы бір тіл шыққандай күй кештім. Сондай матчтардың бірі «Рубин» – «Копенгаген» ойыны еді.

Көрсетілімді асықпай бастап, жиған-тергенімді рет-ретімен айтып болып, негізгі статитиканы, ойыншылар тізімін тауысып болып отырған кезім. Осыған дейін де жалғыз өзім бүкіл бір матчы жүргізгенмін. Азды-кем тәжірибие бар. Осы кезде режисерлер «Рубинның» бапкері Құрбан Бердыевті көрсетті. Өмірде онсызда сырттай сыйлап, керемет бапкер деп мойындап жүретінмін. Ашылып, сөзге ерік бердім. «Бұл Құрбан Бикейұлы Жамбыл жерінің тумасы. Футболға аяқ салған жері Жамбыл. Сосын «Қайратта» ойнады…Кейіндері Ресейге кетіп бапкер ретінде бағы ашылды…» шамамен осылай көсіліп отырмын. Тағы не айтсам екен? Е айтпақшы өткенде бір футболшылармен сөйлескенде Бердыевтің Таразда тұратын отбасы жайлы айтып еді. «Негізі бұл кісінің жұбайы Таразда тұрады. Туыстары да жеткілікті. Бірақ, бір кісілердің айтуынша намаз оқып, тәспі тартатын бұл ағамыз шариғат жолымен Татарстанда екінші әйел алған екен. Енді Қазан қаласы да мұсылманшылықтың ортасы емес пе?» деп өз әңгнімемді өзім құптап, сенімділік ұялатып қойдым. 45-минутта Нобоа 11-метрліктен есеп ашты. Ойынды «Рубин» 1:0 есебімен жең ді. Келесі соңғы ойыны «Барселонамен» бірақ команданың топтан шығу үшін мүмкіндігі аздау.

Бердыев

Түнімен футбол жүргізіп шаршап, ертесіне газеттегі жұмысыма кешігіп жеттім. Түстің уағы. «Алматы Ақшамы» газетінде тілші қызметіндемін. Кеше жүргізгнен ойынымды кеөрген әріптестермен ой бөлісіп, бір шай ішіп жиналысқа дайындалдық. Қали Сәрсенбай өткізетін кезекті жиналыстың бірі. Сағат шамамен кешкі 16-30. Кенет телефоным шиқылдап, белгісіз нөмер жарқырап безек қағады. Бұл кім болды екен деп сыртқа шықтым да:

– Алло? – дей бергенім сол еді қарсы жақтан әлсіздеу, солғын дауыс естілді.

– Алло, ассаләмалейкум, Ермухамед. Это главный тренер ФК «Рубин» Курбан Бекиевич Бердыев. Наверное, знаете меня.

– …Ы-ы Да, конечно.

– Я хотел с тобой поговорить. Много времени не займу.

Миым астаң-кестең. Кейбір театрда ойнайтын әртіс достарым осылай танымал адамдардың даусын салып, ойнайтын еді. Солардың бірі емес пе деп те ойладым. Бірақ, қайдағы, Бердыевтің өз даусы ғой!

– Ты вчера комментировал матч «Рубин» – «Копенгаген»? Міне, саған. Әп бәрекелді. Бәсе деймін, сол кезде бірдеңе артық айтқан екенмін ғой

– Да, Құрбан аға, я комментировал, – деп іліп әкетім өзімнің кінәлі екенімді сезініп, аға деп қоямын.

– Так вот, ты одну информация неправильно сказал. У меня второй жены в Татарстане нет. У меня только одна жена. Она живет в Таразе. Вчера после матча мне позвонили мои родственники из Джамбула. Они говорят, ты так и сказал. Ты откуда взял это?

– Ну, извините Құрбан Бекиевич мне…

– Я знаю даже, кто тебе такую чушь сказал. У меня много недоброжелателей в Казахстане. Я вообще хотел в суд подать. Но мне сказали, что ты молодой начинающий журналист. И имя твое хорошее – Ермухамед. Ты – мусульманин.

Бердыев

Іс насырға шауып бара жатып, әңгіменің соңы жіби түсті.

– Да, Құрбан Бекиевич, я мусульманин.

– Ну ладно, ты так больше не делай. Говори и пиши то, что своими глазами видел. Я тебя прощаю. У тебя имя пророка Мухаммеда. Но в следующем матче скажи, что ты ошибся, у меня в Татарстане нет второй жены. До свидания!

– Досви... – телефон үзіліп –…дания-сы далаға естілді.

О тоба, бұл не болды сонда. Өңім бе, түсім бе? Шынымен Құрбан Бердыев пе маған қоңырау шалған. Сене алар емеспін. Әлі де күмән бар секілді. Бірақ, сәл ойлана келе сене бастағандаймын. Абалақтап, сасқанымнан компьютер алдына отыра қалып, ғаламтордан Бердыевтің Татарстандағы өмірі жайлы ақпараттар қазбалап жатырмын. Әкінші әйелі туралы ештеңе жоқ. Міне, масқара. Менікі қате екен. Сотқа берсе біткен екенмін. Жанбай жатып сөнер едім-ау. Қайта Бердыевтің мұсылман болғаны, кешірімшіл, кішіпейіл болғанының арқасында аман қалдым. Осы кезде телефонның даусынан «селк» ете қалдым. Жүрегім тоқтап қала жаздады. Өмірімде бұлайша қорқып көрмеген шығармын. Қарасам С.Байшақов деген ат шығып тұр. Апта бұрын сұқбат алып едім…

Байшаков

– Алло?

– Алло, Ермұхамед, қалайсың?

– Жақсы аға…

– Мен жаңа сенің алдыңда Құрбан Бердыевпен сөйлестім. Ол маған хабарласып сені сотқа беретінін айтты.

– Сейілда аға, біз жаға ғана сөйлестік Құрбан Бикейұлы екеуміз…

– Сен қате ақпарат беріпсің ғой. Бірақ, інісі хабарласып сені соңына қарай қатты мақтады депті. Содан ол кішкене жібіді. Әйтпесе, қатты ашуланып еді. Сен енді келесі жолы бұл ақпарат қате болыпты деп эфирден кешірім сұра. «Барселонамен» болатын ойынын көрсетеді екенсіңдер ғой. Сол кезде кінәңді жуып-тазала. Мақұл ма?

– Иә, әрине аға. Айтамын ғой. Менікі қате екен.

– Ал жақсы, онда. Енді олай ойнама ол кісілермен – деп бір күлді де трубканы тастады.

Енді сендім. Иә, жаңа ғана мен 8 минуттай уақыт Бердыевтің нақ өзімен сөйлестім.

Ермұхамед Мәулен

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
Девушки в спорте