ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Лучшее приложение 2024*
Winline KZ
PIN-UP KZ
Самый надёжный букмекер*
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

«Ұлттық құрамада аз ақша төленетінін білдім». Рикардо Кака - Еуропа чемпионаты мен өзінің болашағы туралы

Футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Рикардо Кака YouTube-тағыNursultan Qurman арнасына қонаққа барып, Еуропа чемпионатын қорытындылады.Осы орайда Meta-ratings.kz тілшісі сұхбат барысында айтылған маңызды пікірлердіжинақтады.

Рикардо Кака

— Оқу-жаттығу жиыны неліктен нашар өтті?

— Қазақстан құрамасын мұндай турнирде фаворит деп айтуөте қиын. Себебі біздің командада ойыншылар аз. Мысалы, Ресей, Испания секілдіалпауыттар жарақат алған ойыншысын еш қиындықсыз алмастыра алады. Ал бізде біройыншы қатардан шығып қалса, фаворит саналмаймыз. Оның үстіне, оқу-жаттығужиыны кезінде біршама қиындықтарға тап болдық. Кейбір ойыншылар қаңтароқиғасынан кейін, ал кейбіреуі вирус жұқтырғандықтан, жаттығуға келе алмады. Бірапта бойы алты ғана ойыншымен дайындық жұмыстарын жүргіздік. Нақтысынсұрасаңыз, айтайын: Игита әуежай жабық болғандықтан, ал Дуглас пен Тайнанвирустың салдарынан елге кіре алмады. Оразов, Тоқаев және Валиуллин ОЖЖ-ныңалғашқы күнінде-ақ коронавирус жұқтырды. Олар жеті күн бойы карантинде болды.Содан кейін менен, Кнауб және Тұрсағұловтан індеттің белгілері табылды.Карантиннен шыққан соң бірден Алматыға жанұямды алып келу үшін бардым. Жағдайосылай болды.

— Леоның жарақатына күмәнмен қарағандар көп болды. Осыжайлы не айтасыз?

— Лео алдыңғы жарақатынан толық айығып, жаттығулар жасапжүрді. Ал Амстерамдағы алғашқы жаттығуда мен тікелей эфирге шығып, СергейКоридземен байланыстым. Сол сәтте Лео Шыңғыстың тепкен добынан кейін бетін жабуүшін қолын тосты. Соққы жойқын болғандықтан, ол қолын сындырып алды. Алауруханада оған ота жасату керек деген шешім қабылдады. Бұған ешкім кінәліемес.

Лео

Лео осымен үшінші турнирді өткізіп алды. Өкінішті-ақ. Меноның жарақаттан айығып, осы турнирге қатысу үшін қалай еңбектенгенін өзкөзіммен көрдім. Бірінші маусым күні ота жасатып, қаңтар айындағы турниргедайын болу үшін өте көп жұмыс жасау қажет. Лео өзін алмастырмауды сұрап, осытурнирде ойнағысы келетінін айтты. Бірақ дәрігерлер бұған рұқсат бермеді. Соданкейін ол үйіне қайтуға мәжбүр болды. Енді қыркүйек айында әлем чемпионатыныңіріктеу кезеңі басталады. Лео міндетті түрде осы ойындарға қатысатын болады.

Дуглас пен Игита

— Дуглас пен Игита алдағы әлем чемпионатына қатыса алама?

— Олардың бұған шамасы жетеді деп ойлаймын. Бірақ бұлтуралы айтуға әлі ерте. Олар өткендегі ойыннан кейін эмоцияға ерік берді.Себебі олардың жасындағы ойыншыларға мұндай мүмкіндіктен айырылу қиынға соғады.Әлем чемпионатын екі жыл, Еуропа біріншілігін төрт жыл күту керек деген ойлармазалайды.

— Эдсонның ойынын қалай бағалайсыз?

— Эдсон төлқұжаты дайын болмағандықтан, жаттығу жиынынакеш қосылды (15 қаңтарда). Біз төлқұжаты жоқ ойыншыны командаға шақыра алмаймыз. Басқаелде болғанда ол 45 минут ішінде азаматтық алатын еді. Бірақ Қазақстандағытәртіп басқа. Кейбір елдерде адамадар арнайы мекемеге бармай-ақ төлқұжат жасатабереді. Эдсонның төлқұжатына қатысты мәселе бір жылдан бері қозғалып келеді.Бірақ бұйырғаны осы болды.

Эдсон және Кнауб

Эдсон ұзақ уақыт бойы жаттығу жасамады. Біздің командасапында небәрі үш жаттығуға қатысып, Қазақстанның намысын қорғау үшінНидерландыға аттанды. Бұл үлкен жауапкершілік, бірақ ол қысымға төтеп берді. Ия, гол соқпаған шығар, бірақ күту керек. Ол Қазақстан құрамасы сапында алғаш ретойнап тұр. Дегенмен, Эдсон мен қалағандай ойынды көрсете білді.

— Еуропа чемпионатынан кейін Кака «Қайрат» пен ұлттыққұрамадан кетеді деген ақпарат тарады. Бұл жай ғана сыбыс па? Тіпті сіздің осыақпаратқа қатысты айтқан пікіріңізді оқыдық.

— Бұл әңгіменің қайдан шыққанын білмеймін. Мен ешкімгеештеңе айтқан жоқпын. Менің федерацияға ренішім жоқ. Қазір ұлттық құрамадакеремет жағдай жасалған. Біз жақсы қонақүйде тұрып жатырмыз, жаттығуға арналғанкеремет орындар бар. Сондықтан мұндай әңгіменің қайдан шыққанын түсінбедім.Менің келісім-шартым бар. Өмірде кез-келген жағдай болуы мүмкін. Бірақ меніңфедерацияға өкпелегенім туралы ақпарат шындыққа жанаспайды.

Біз Нидерландыдан қайтатын кезде әлеуметтік желідегітопқа «сағат оннан кешікпеңдер, біз жаңа кезеңге аяқ басамыз» деп жаздым. Кешежеңілдік, ал енді бәрін талдап, басқа да ойыншыларды командаға шақырып,мүмкіндік береміз, тыңғылықты дайындаламыз. Егер жағдайдың осылай боларынбілгенде, жаттығу жұмыстарын үшінші қаңтарда емес, жиырма бесінші желтоқсандабастайтын едім. Сонда ешқандай қиындыққа тап болмас едік. Украинамен екі ретжолдастық матч өткізуді жоспарладық. Олармен кездескенде, плей-офф кезеңінде де басқаша ойнайтын едік.

— Федерацияның беретін жалақысы мен сыйақысына көңіліңізтола ма?

— Мені «Қайратқа» шақырған кезде, келісім-шарт бойыншаклубтан жалақы алып, ұлттық құраманы да жаттықтыратынымды айтты. Яғни, екіжақты жұмыс ұсынды. Келісім-шартқа отырған кезде негізгі жалақыны «Қайраттан» алатынымды жәнеұлттық құрамада аз ақша төленетінін білдім. Сондықтан менің бұған қарсы айтаршағымым жоқ. Ал әлем чемпионатынан кейін берген сыйақыға көңілім толады.

Біржан Оразов

— Еуропа чемпионаты Біржан Оразовтың турнирі болды ма?

— Ия, ол бұл турнирді керемет өткізді. Оразов жан-тәніменойнап, алаңда барын салады. Денсаулығы да керемет. Біздің турнирден шығып қалғанымызөкінішті-ақ, әйтпесе бұдан да көп гол соғар еді.

— Төрешілер тарапынан қатты қысым жасалғаны өтірік емес.

— Біз тек өзімізге қарап, қателіктеріміз жайлы ойлануымызкерек. Тайнанға сары қағаз көрсетілді. Төрешінің бұлай жасауына себеп болды.Мен Тайнанға мұндай жағдайда қарсыластың ойыншысына «мен сені жақсы көремін» деп теайтуға құқығың жоқ дедім. Мүмкін ол ұлттық құрамада ойнаудың қандай үлкенжауапкершілік екенін түсінбейтін шығар. Барлық ойыншыда эмоция болуы тиіс.Бірақ оны басқара білу қажет. Әңгіме айтып, сары қағаз алуға мүлдем болмайды.Біз жоғары деңгейдегі он екі ойыншыдан жасақталған Бразилия құрамасы емеспіз.Сондықтан ол осы жауапкершілікті түсіну қажет. Біздің негізгі құрамдағы біройыншымыз болмаса, үлкен шығын болып саналады. Ия, төрешілер қателескен шығар,бірақ ең алдымен өзімізге қарауымыз керек. Тайнан лайықты өнер көрсетіп,өзіне артылған жауапкершілікті түсінсе, алдағы уақытта да Қазақстан құрамасындаойнайтын болады.

Тайнан

— Жергілікті ойыншыларға неліктен сенім артпайсыз?

— Валиуллинді басқа таңдау жоқ болғандықтан шақырдық.Шынын айтқанда, қазір футзал өте қатал спорт түріне айналды. Тоқаев, Қарағұловсекілді ойыншылар мұндай деңгейде ойнауға дайын емес. Олар жақсы ойнайды, бірақфутзал ойнау үшін жақсы ойыншы болу жеткіліксіз. Күш болу қажет, көп жұмысістеу керек. Мысалы, 39 жастағы Робиньо әлі күнге дейін ойнап жүр. Себебі, ол өте ақылды ойыншы.Робиньоның доппен істеген қимылын Жомарт жасай алса, ол негізгі құрамда ойнареді. Ойынша қаншалықты ұзын болса, қорғаныста және стандарттық жағдайлардажақсы ойнайды.

Қазақстан құрамасы

— Украинамен болған ойынды қорытындыласаңыз.

— Бұл матчта жеңіске жетуіміз де мүмкін еді. Ия,ойыншылар дайын болмады. Есенамановты карантиннен түнгі он екіде босатты. Олтаңертең біз жатқан қонақүйге келіп, тест тапсырды. Мен оған ойынға арналғантактиканы айттым, ал ол алаңға шығып, өнер көрсетті. Ақбалықов екі матчқақатыспады. Тұрсағұлов бір жарым айдан кейін екі матчқа қатысып, бар күшінжоғалтты. Қателік осыдан кетті.

— Қазіргі ойыншылардың қайсысынан жақсы бапкер шығады депойлайсыз?

— Дуглас бапкер ретінде жұмыс істемейді. Оны өзі дебірнеше рет айтқан болатын. Игитаны болашақта менеджмент саласынан көремін. Олмансабын аяқтағаннан кейін федерацияда жұмыс істеп, футзалды дамытуы қажет.Оған Қазақстандағы футзалдың елшісі ретінде де еңбек етуге болады. Себебі,Игита - аңыз ойыншы. Оны бүкіл әлем біледі. Мен Оразовтан жақсы бапкер шығадыдеп ойлаймын.

— Кеше Instagram желісінде украиналық ойыншы: «БізҚазақстанды әрқашан жеңіп келдік, олар мықты команда емес», - деп мәлімдеме жасады.Сіз де мұны назардан тыс қалдырмадыңыз.

— Біріншіден, оның кім екенін сұрастырдым. Ол ойыншыны менмүлдем танымаймын, сондықтан оның бұл әрекеті өте күлкілі болып көрінді. Бұлайайтуға болмайды. Біз Украинадан ұтылдық бірақ оларға сәттілік тіледік. Матчтанкейін ешқандай жанжал шығармадық. Сондықтан Қазақстан туралы мұндай мәлімдемежасаудың қажеті қанша? Соңғы жылдағы екі команданың деңгейін салыстырыпкөріңіз. Бұған назар аудармайын деп едім, бірақ бұл әңгімені Украинақұрамасына ешқндай қатысы жоқ адам айтқан екен.

— Эдсонның ұлттық құрамаға қосылуына қарсы шыққандарболды. Сіз бұл туралы не айтасыз?

— Мен әлеуметтік желідегі пікірлерді қарап шықтым, себебіол командадағы атмосфераға қатты әсер етеді. Сіз Қазақстан азаматына жұмысістеуге тыйым сала алмайсыз. Эдсон да осы елдің азаматы. Сондықтан оның ұлттыққұрамаға қосылуына қарсы бола алмаймыз. Бізде бес бразилиялық болды, бірақУкраинамен ойынға Игита мен Дуглас қана қатысты. Эдсон ұлттық құрамада ойнауғалайық екенін дәлелдеді.

Біз жергілікті ойыншылардың көп болғанын қалаймыз. Мен футзалды дамытып, балаларды тәрбилеп, олардан жақсыойыншылардың шыққанын қалаймын. Содан кейін мен отыз ойыншының ішінде таңдаужасайтын боламын. Мықты ойыншы шықса, Тайнанды шақырмауым да мүмкін.

науаР

— Рауан Атантаев Нұрәлем Байдулла және Нарун Серіковтенқандай қасиеттерімен ерекшеленеді?

— Атантаевты Қазақстандағы ең үздік екінші қақпашы депесептеймін. Ал Нарунды үшінші қақпашы ретінде көремін. Себебі ол болашағынан зор үміт күттіретін ойыншы. Игитадан кейін қақпаны Серіков қорғайды деген ойдамын. Бірақ дәлқазіргі сәтте Рауан үздік болып тұр. Ал Нұрәлем тек ұлттық құрамаға шақыртылған сәттежақсы ойнап жүрді. Венгрияға қарсы ойында Игита болмағандықтан, Нұрәлемге сенімарттық.

— «Қайраттың» жоспары және трансферлері жайлы не айтасыз?

— Командада қазір Игита, Эдсон, Диего, Савио, Витао қалды.Венесуэла құрамасының ойыншысы Карлос Сансты, 19 жастағы бразилиялық Шашу менресейлік Андрей Графскийді қатарға қостық. Олардан бөлек, командада Оразов пенТұрсағұлов бар. Нұрғожин да жақында қатарға қосылады.

— Қазақстанда орын алған «қаңтар оқиғасы» туралы қандайпікір білдіресіз?

— Қазақ халқы бейбітшілікті жақсы көреді. Бұл оқиғағабасқа адамдар қатысты. Қазақстан халқы өздері тұрып жатқан жерді қиратып, тас-талқаныншығарды дегенге сене алмаймын. Алматы секілді қалаға жасаған әрекетін көру өтеауыр тиді. Бұл біздің командадағы жігіттерге де әсер етті.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
Девушки в спорте