«Қайрат» футзал клубыпен Қазақстан құрамасының қақпашысы Игита YouTube-тағы «Вести Спорта» арнасынақонаққа барды. Осы орайда Meta-ratings.kz тілшісі сұхбат барысында айтылғанпікірлерді жинақтады.
— Игита, Сізді Қазақстанда өз есіміңізбен атайтын кездербола ма?
— Толық аты-жөнімді(Леонардо де Мело Виейра Лейте) білетін адамдар өте аз. Барлығы «Игита дегенесім қайдан шықты, сенің аты-жөніңде мұндай сөз жоқ қой» деп сұрап жатады. Бұлменің лақап атым. Алты жасымда колумбиялық қақпашы Игита секілді шашым ұзынболды. Сол кезден бастап бәрі Игита деп атап кетті.
— Сіздің ойыныңызды сол қақпашымен салыстырды ма?
— Ия, ол кезде қақпашы өз жарты алаңынан шықпаукерек деген түсінік бар еді. Бірақ мен мұны елемей, финттер жасағым келді.Осыны көріп, бәрі мені сол Игитаға ұқсатты. Ол кезде (1992-1993) Игита өтетанымал қақпашы еді. Отыз жыл болды, бәрі мені Игита деп атайды, тіпті әкемніңөзі кейде осы есіммен шақырады.
— Сіздің ойын стиліңізге қатысты айтылатын сынға қалайқарайсыз?
— Мұны бразилиялықжәне агрессивті стиль деп айтуға болады. Әрине, үлкен тәуекел жасауға туракеледі. Бірақ, бәрі жақсы. Бұл стильді қолдайтындар көп. Қазір футзал да заманталабына сай өзгерді, алаңның көлемі үлкейді, ойынның қарқындылығы арта түсті,сондықтан қақпашылар да ойынға жиі араласа бастады. Жыл сайын қақпашыныңмаңыздылығы артуда. Он жылдан кейін әр командада Игита секілді аяқпен жақсыойнайтын қақпашы пайда болады деп ойлаймын (күліп).
— Қазақстандық жанкүйерлер шетелдік ойыншыларға ерекшеесім беріп жатады. Сені жергілікті жанкүйерлер қалай атайды?
— «Игитажан», «Игитабатыр» деген сөздерді есту жағымды әсер сыйлайды. Мен – қазақпын! Жанкүйерлерәрдайым күш береді және солар үшін ойнап, жеңіске жетуге тырысамыз. Оларсызойын қызық болмайды.
— Матч барысында гол соғуым керек деген мақсат қоясыз ба?
— Алдыма мұндаймақсат қоймаймын, анда-санда гол соғатыным бар. Бірінші мақсат – гол жібермеу.Қақпашы үшін «құрғақ» матч гол соққаннан да маңызды.
— Сіз Қазақстанға 2009 жылы келдіңіз. 13 жылда футзалтанымал спорт түріне айналды ма?
— Қазақстандағыфутзалдың деңгейі айтарлықтай өсуде. 2009 жылы бұл спорт түрі қазіргідейтанымал емес еді. Бұл мен үшін жақсы жаңалық, себебі мен футзалдың дамуына өзүлесімді қостым. Басқа ойыншылардың да тигізген әсері мол. Ойынның стилі деқатты өзгерді, қазір ойыншылар заманауи футзалға көшті. Әр өңірде футзалменайналысатын ойыншылар көп. Сондықтан алдағы 10-20 жылда Қазақстан футзалданфаворит елдердің біріне айналады.
— Қарағандылық «Тұлпарға» ауысу туралы шешімді қалайқабылдадыңыз?
— Менде Қазақстантуралы ақпарат мүлдем болған жоқ. Ол кезде бұл елді Пәкістан, Ауғанстан секілдімемлекет шығар деп ойладым. Ғаламтордан Қазақстан туралы ақпарат жинайбастадым. Келейін бе, жоқ па деп көп ойландым. Аздап қорқыныш болды. «Тұлпар»туралы да көп білмедім. Бірақ ақыр соңында Қазақстанға келу туралы шешімқабылдадым. Бұл менің өмірімдегі ең керемет шешім болды.
— Қазақстанға алғаш келгенде Сізді қатты таң қалдырғандүние болды ма?
— Ол кезде Қарағандыөте кішкентай еді, қазір дамып жатыр. Легионерлер аз болды, командадағы жалғызбразилиялық болғандықтан, бәрі маған «цирктегі маймыл» сияқты қарайтын (күліп).Бірақ кейін Қарағандыдағы легионерлердің саны артты, тіпті «Шахтерде» де шетелдікфутболшылр ойнады. Басы жаман болған жоқ. Бәрі маған көмектесіп, жақынадамдарыма айналды. Сөйлеу жағынан қиындықтар болды және ауа-райы суық болды.Қазақстанға жазда келгендіктен, бейімделіп үлгердім. Мен сол уақытты әрқашанжақсы кезең ретінде еске аламын.
— Орыс тілін қалай үйрендіңіз?
— Мен өмірде әрқашанжеңіске жеткім келді. Бәрі оңай болу үшін тілді үйрену керек деп ойладым. Бірақол үшін мұғалім жалдаған жоқпын, көп естіп жүрген сөздерді қағаз бетінетүсіріп, өз бетімше үйрене бастадым. Ол кезде Қарағандыда орысша сөйлейтінадамдар көп болды, сондықтан осы тілді меңгеруге тырыстым. Қазір отыз бестемін,сондықтан басқа тілді үйрену қиын болады. Бірақ қазақ тілінде «Қайырлы таң!»,«Қайырлы кеш!», «Ас болсын!», «Қалайсың?», «Өте жақсы, өзің қалайсың?»,«Керемет!» деген сөздерді білемін.
— Қазақстанда Сіз өте танымал ойыншысыз. Ал Бразилиясізді тани ма?
— Қазір, ия. Әсіресе,әлем чемпионатынан кейін мені танитындардың қарасы көбейді. Бірақ бұл мағанқызық емес. Себебі мен Қазақстанда өмір сүремін, осы елдің намысын қорғаймын, мұндамені үлгі тұтар адамдар көп. Сондықтан маған Бразилияның емес, Қазақстандағыадамдардың танығаны жақсы.
— 13 жыл бұрын осындай жетістікке жетемін деп ойладыңызба?
— Бұлай болады депойлмадым. Бірінші кезекте, кәсіпқой ойыншы болуды көздедім. Ал одан кейін өмірсүру және отбасымды асырау үшін тұрақты түрде жалақы алғым келді. Оған да қолжеткіздім. Қазіргі деңгейге жетемін деп мүлдем ойламадым. Бірақ осы үшін тынбайжұмыс істедім. Теледидардан менің ойынымды көретін адамдар өмірімнің қалайөрбігенін білмейді. Қуанышпен қатар, қайғылы күндерді де бастан кешірдім. Қазірмен өзімді мақтан тұтамын. Өйткені мен осының бәріне шыдадым.
— Әкеңіз Сізді Бразилияда ойнайды деп жоспарлады. Мұндайнұсқаны қарастырасыз ба?
— Менің әкем деқақпашы болды және кәсіби футзалда ойнағысы келді. Дегенмен, оған атам рұқсатбермеді. Ол кезде Бразилияда менталитет басқаша болды. Футбол ойнайтынадамдарды жалқау деп санады. Сондықтан әкем бұл спорт түрімен айналыса алмады.Бірақ мені өмір бойы қолдап келді және менің Бразилияға оралғанымды қалады.Әзірге бұл нұсқаның мүмкін еместігін айта кетейін.
— Нұр-Сұлтандағы жиынға кеш қосылдыңыз. Қзақстанға келуқиын болды ма?
— 21 сағатымды ұшақтаөткіздім, сегіз сағат бойы әуежайда болдым. Әуежайда сандала беруден, ары-беріұша беруден шаршадым. Бірақ мұның жұмыс екенін түсінемін. Қазақстандағы қиынжағдай кезінде осы жерде болып, жігіттерге көмектескім келді. Ия, мұнда келуқиынға соқты, бірақ аман-есен келдім, енді әрі қарай жұмыс істеу қажет.
— Жанкүйерлер сенің керемет ойыныңды көреді, бірақосындай жетістікке жету үшін нені құрбан еттіңіз?
— Иығыма бір рет отажасаттым. Саусағымның бәрін сындырып алдым. Бірақ қақпашының өмірі осындайболады, мұны өзім таңдадым. Теледидардан бәрі жақсы болып көрінеді, бірақ шынмәнінде олай емес. Көгілдір экранға шығу үшін де біраз қиындықты бастан кешірукерек.
— Әлем чемпионатынан кейін ойыншылар психологиялық тұрғыданшаршады. Бұл «Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы ойынына әсер етті ме?
— Ия, бұған ауыржүктеме әсер еткен болар. Бірақ ол кезде көп ойыншымыз жарақат алып қалды.Концентрация пен ниет тұрғысынан мәселе болған жоқ. Әлем біріншілігінен кейінбірден Чемпиондар лигасы және турнирдің элиталық кезеңі басталды. Сондықтанауыр жүктеме әсер етті. Шешуші ойынға жеті ойыншымыз ғана дайын болды. Сонда дажақсы ойнадық, соңғы жағында күш жетпей қалды. Ештеңе етпес. Спортта әрдайымжеңіске жетуге мүмкіндік болады. Біз сол сәтті күтеміз. Келесі жолы төрттікфиналға шығамыз деген үміттемін.
— Сіздің Бразилияға қарсы ойнау туралы арманыңыз болды.Қола жүлде үшін болған матчта өзіңізді қалай сезіндіңіз?
— Ия, Бразилияғақарсы ойнағым келді. Мұны жақсы күн ретінде өмір бойы есте сақтаймын.Бразилияның әнұраны шырқалған кезде жылап жібердім, өйткені әлем чемпионатындаәрқашан ерекше эмоциялар болады. Ол кездегі сезімді сөзбен айтып жеткізеалмаймын. Өте керемет энергияны сезіндім. Трибунадағы бразилиялық жанкүйерлермені мақтап жатты. «Сен Қазақсанның ғана емес Бразилияның да атын бүкіл әлемгетанытып жүрсің» дегендей пікірлер білдірді. Мұны естудің өзі бір ғанибет.Келесі әлем чемпионатында Бразилиямен ойнап, басым түссек, бұл мен жәнеҚазақстан үшін тарихи жеңіс болады.
Бразилияға қарсыойынның алғашқы бөлігінде жақсы ойнадық. Жалпы ойын тең дәржеде өтті. Бірақ бізжақсы ойнадық деп санаймын. Гол соғатын мүмкіндіктеріміз де көп болды. Қазірөзімізге толық сенімдіміз. Жарақатқа қатысты мәселе бар, бірақ біз бір-біріміздіңкөзімізден-ақ бәрін ұғамыз. Соңғы алты жылда Қазақстанда футзалдың деңгейіедәуір жоғарылады.
— Қазақстанға қатысты салдырған татуировкаларыңыз бар ма?
— Сол қолымда екіЧемпиондар лигасының титулы бар. Үшінші және төртінші титулдарымды жеңгімкеледі. Жақында бұған да қол жеткіземіз деп сенемін. Ал оң қолымда Қазақстанныңкартасы бейнеленген. Қазақстан менің жүрегімнен, өмірімнен ойып тұрып орыналды. Бұл ел маған қажеттінің бәрін берді. Менің жанұям да Қазақстанға дән-риза.Жақын арада әйтеуір бір жүлдеге қол жеткіземіз деп уәде беремін.
— Сіз әлемнің бес дүркін үздік қақпшысы атандыңыз. Тағынені дәлелдегіңіз келеді?
— Менде мотивациятаусылмайды. Балалар маған қарап, бес дүркін үздік қақпашыны көргісі келеді.Алаңға шыққан кезде, әлемнің үздік қақпашысы ретінде жұмыс істеу керектігінтүсінемін. Сондықтан балалардың берер мотивациясы көп.
— Жас кезіңізде Бразилия құрамасында ойнауды армандағаншығарсыз. Неге бұл ойдан бас тарттыңыз?
— Бразилияда еңалғашқы сыйлық ретіне допты береді. Бәрі футболшы болуды қалайды. Көшедегіәрбір бала Бразилия құрамасында ойнауды армандайды. Менің де арманым сол болды.Бірақ өмірім басқаша өрбіді. 2013 жылы Қазақстан азаматтығын алдым, бірақ олкезде ұлттық құрамада ойнамадым. Ал 2014 жылдың басында Бразилиядан шақыртутүсті. Жанымдағылар жүрегіңе жақын дүниені таңда деп кеңес берді. Менің жүрегімелге алғыс айту үшін Қазақстан құрамасын таңдады. Мұны өмірімдегі ең кереметшешім деп санаймын. Себебі осы таңдаудан кейін менің өмірім мен мансабымдаүлкен прогресс болды.
— Әлем чемпионатынан кейін ұлттық құраманың жетістігінқалай бағалайсыз?
— Чемпион болаалмадық. Португалияға қарсы матчта үлкен мүмкіндігіміз болды. Пенальтисериясында жеңілдік, өкініштісі, матчтың аяқталуына санаулы секундтар қалғандагол жіберіп алдық. Бірақ Қазақстан біздің көрсеткен нәтижемізге риза болды.Аздаған өкініш бар. Португалияны жеңсек, бірінші орын алып, елді қуантар едік. Алдамүмкіндігіміз бар. Менің күшім жеткілікті және жүлде үшін күресеміз.
— Командада қателік қалай талданады? Кака қателік үшінұрыса ма?
— Біздің команда бұлтұрғыдан қазақтың менталитетін ұстанады. Гол жіберіп алсақ, бір-біріміздікінәламаймыз, айқайламаймыз. Біздің деңгейде ешкім қателескісі келмейді.«Қайратта» немес ұлттық құрама сапында гол жіберіп алсақ, допты алаң ортасынаапарамыз да, гол соғатынымызға сенеміз. Кака мұндай сәтте бәрімізді сабырғашақырып, қателік жайлы кейін әңгімелесеміз дейді. Ойын біте салысымен, сенкінәлісің деп біреуді айыптау дұрыс емес. Қателікті кейінгі күні асыықпайотырып талдау қажет.
— Еуропа чемпионатына дайындық қалай өтуде?
— Жоспарға сай.Вирустың жаңа түрі аздап кедергі келтіруде. Бірақ 20 қаңтар күні бәрі қатардаболады деп ойлаймын. Құдай қаласа, толық құраммен барып, өз деңгейіміздікөрсеткіміз келеді.
— Еуропа біріншілігінде ойнау әлем чемпионатына қарағандақиын деген пікірмен келісесіз бе?
— Әлем чемпионатыныңтоптық кезеңінде нашар ойнайтын командалар болады. Ал Еуропада олай емес.Мұндағы он алты команданың бәрі мықты. Сондықтан Еуропа чемпионатында ойнау анағұрлым қиынырақ. Бәрінің деңгейі жоғары. Біздің топ «өлімтобы» деп аталады. Словения, Финляндия және Италиямен күш сынасамыз.
— Еуропа біріншілігі Сіз қатарлы ойыншылар үшін ұлттыққұрамамен трофей жеңіп алудың соңғы мүмкіндігі ме?
— Солай шығар.Өйткені алдымызда әлем чемпионатының іріктеу кезеңі бар, ол жерден өте аламызба, жоқ па, белгісіз. Сондықтан мен үшін және ұлттық құрамадағы бірнеше ойыншыүшін бұл соңғы мүмкіндік болуы ықтимал. Еуропа чемпионаты Қазақстан құрамасыменжүлде жеңіп алудың керемет мүмкіндігі болып табылады.
— Еуропа чемпионатында ұлттық құрамаға қандай міндетжүктеледі?
— Жеребеден алдынбіздің басты мақсатымыз жартылай финалға шығу деп айтар едім. Ал жеребе тартурәсімінен кейін «өлім тобынан» шығу туралы мақсат қойылды. Бірінші мақсатымыз – алғашқы төрттікте болу, ары қарай көре жатармыз.
— Соңғы жылдары шетелдік клубтардан ұсыныс түсті ме?
— Ия, ұсыныс көпболды. Бірақ бұған дейін айтқанымдай, Қазақстан менің еліме айналды, жанұямосында өмір сүреді. Шетелдік клубтардың ұсынған жалақысы да қазіргі айлығымменшамалас болды. Сондықтан Қазақстанда ойнай беремін деп шештім. «Қайрат» таалдына жоғары мақсаттар қоятын клуб. Мұндағы жағдайым жақсы, команданыңкөшбасшысы әрі капитанымын. Жайдан-жай кете салмаймын. Қазақстаннан кету үшінерекше шақырту қажет, бірақ әлі ондай ұсыныс болған жоқ. Ресейдегі барлықкоманда мені шақырды, себебі мен ол жақта легионер саналмаймын. Еуропа жайлыайтпай-ақ қояйын. Мансабымды аяқтағаннан кейін де Қазақстанда өмір сүргімкеледі. Әзірге бәрі жоспарға сай өтуде.
— Дуглас ресейлік клубқа ауысқалы жатыр. Сіз мұны қалайқабылдайсыз?
— Біз кереметойыншыдан айырылдық. Дугластың жоспары бар, мен де өзімді басқа чемпионаттасынап көргім келеді. Ол жалға кетті, көп ұзамай қайта оралады. Бұл Дуглас үшінпайдалы болады деп ойлаймын.
— Сіздің «Қайратпен» келісім-шартыңыз 2024 жылға дейінесептелген. Ол кезде 38 жасқа толасыз. Бұл мансабыңыздың соңғы кезеңі бола ма?
— Адамдардың «Игитабұрынғыдай ойнамайды» деген пікірлерін естігім келмейді. Сондықтан 2024 мен үшін шешуші жыл болады деп санаймын. Әлем чемпионатыда сол кезде өтеді. Мүмкін сол турнирден кейін мансабымды аяқтайтын шығармын,көре жатармыз. Бірақ 38 жасқа дейін еш қиындықсыз ойнаймын деген үміттемін.
— Болашаққа арналған жоспарларыңыз қандай?
— Футзалдыңайналасында қызмет еткім келеді. Бапкер, директор, бапкердің көмекшісіболармын. Бірақ спорттан кеткім келмейді. Қазір білімімді толықтырып жүрмін.Мансабымды аяқтағаннан кейін де алдыма қояр мақсатым бар. Спорттан кетіп қалумен үшін қиын болады.