ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Лучшее приложение 2024*
Winline KZ
PIN-UP KZ
Самый надёжный букмекер*
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

«Қанша ақша ұсынсаң да, Қазақстанға келмейді». Карпович - сәтсіз трансферлер мен «Ақтөбенің» жоспарлары жайлы

«Ақтөбенің» бас бапкері Андрей Карпович YouTube-тағы «Вести Спорта» арнасына берген сұхбатында Бауыржан Исламхан, Андрия Филипович, Бауыржан Байтананың трансферіне қатысты пікір білдіріп, командадағы өзгерістер жайлы айтып берді.

Карпович

— Бауыржан Исламхан «Ақтөбеге» келе ме және өзініңбұрынғы деңгейіне орала ала ма?

— Бауыржанның таланты да, бұрынғы деңгейіне қайтаоралатын мүмкіндігі де бар. Оған ешкім күмәнданбайды. Бәрі өзіне байланыстыболмақ. Оның бойында жоғары деңгейде ойнауы үшін қабілеттері жетерлік депойлаймын. Кешегі матчқа қатысуға да қуана-қуана келісті. Ол ұзақ уақыттан беріалғаш рет үлкен футбол алаңына шықты. Біртүрлі болғанымен, өткенін еске алдыжәне алда не күтіп тұрғанын сезіне білді. Бұл матч оған тек үміт сыйлап қанақоймай, футболға оралуға деген құлшынысын арттыра түсті. Жанкүйерлер де жақсы қолдаукөрсетті. Керемет атмосфера болды. Бауыржан секілді ойыншы ұлттық құрамағакерек. Ол команданы күшейтпесе, әлсіретпейді. Бұл менің ойым.

Исламхан

Бірнеше ай бұрын біз Бауыржанмен «Ақтөбеге» ауысу туралымәселені қозғадық. Мен Баторикті бұрыннан білемін. Біз ұлттық құрамада біргеойнадық, «Қайратта» бірге жұмыс істедік. Мұндай футболшылар біздің елімізде аз.Сондықтан ол әрқашан біздің назарымызда жүреді. Біз оның қашан футболғаоралатынын жақсы білеміз.

— Сіз келгелі «Ақтөбе» жеңіске жете бастады. Қысқа уақытішінде қандай өзгерістер жасадыңыз?

— Мен командаға келгенімде жағдай мүлдем басқаша еді.Бірақ қазір бәрі өзгерді. Клуб маусым басында-ақ өзінің мақсат-міндеттерінайқындап қойған. Мен келгелі командада жақсы жұмыстар атқарылды. Бапкерлер штабыда, клуб басшылығы да жақсы жұмыс істеді. Бұл өзімізге де, жанкүйерлерге деүміт сыйлады. Және қолымыздан не келетінін, алға қарай ұмыла алатынымызды көрсетугемүмкіндік берді.

Ақтөбені нағыз футбол қаласы деп айтар едім. Бұл әрматчта сезіледі. Кіммен ойнасақ та, стадионы лық толы болады. Қай жерге барсақта, адамдар бізді танып жатады. Әрдайым қолдау көрсетіп, команданың жеңіскежеткенін қалайды. Бұл бір жағынан үлкен қысым түсіргенімен, екінші жағынанмотивация береді.

Чемпионаттағы жақсы нәтижелер футболшылардың еңбегі депбілемін. Олар маусым басындағы ОЖЖ-нан бастап барын салуда. Ал біз не істедік?Біз чемпионатты жақсы білеміз және жақсы нәтижеге жеткісі келетін ойыншылардыда түсінеміз. Біздің мақсатымыз сәл ғана өзгеріс жасап, футболшылардың бойынасенім ұялату болды. Ойын сапасы айтарлықтай жақсарды деп айта алмаймын. Текойыншылар арасындағы байланыс нығайа түсті. Әлі де жақсартуды қажет ететіндүниелер көп. Бірақ жігіттер өздеріне сеніп, маңызды матчтарда оң нәтижеге қолжеткізді, мінез көрсете білді. Бұл – факт. Біз жыл соңында өз мақсатымызғажеткіміз келеді. Бұл үшін клубта барлық жағдай жасалған. Енді бәрі тек өзімізгебайланысты.

Ақтөбе

Көп адамдар біздің команданың құрамын мықты деп жатады.Бірақ жеке-жеке алып қарасаңыз, ешқайсысы бұған дейін трофей жеңбеген. Ия,командада болашағынан зор үміт күттіретін жас ойыншылар бар. Бірақ чемпионаттакоманданың топ жаратынын ұмытпайық. Сондықтан біз ұжым ретінде күшеюгетырысамыз. Егер мұндай мақсатымыз болмаса, мен «Ақтөбеге» келмес едім. Себебіөзімді үздік бапкермін деп айта алмаймын. Менің әлі үйренерім көп. Ұзақ уақытқасозылатын чемпионатта топ жару мүлдем басқа әңгіме. Бірақ жігіттер біздіңайтқанымызды екі етпеуде. Ең бастысы да осы деп ойлаймын.

— Чемпиондық үшін таласта «Ақтөбеге» бәсекелес болатынкомандаларды айта аласыз ба?

— «Астана» мен «Тобылдан» бөлек, бұл тізімге «Ордабасыны»да қосуға болады. Турнирлік кестенің бел ортасында келе жатқан клубтар даайтарлықтай прогресс жасауы мүмкін. Біздің чемпионат сонысымен де қызық.Чемпиондық үшін таласта «Астана», «Тобыл» және «Ақтөбенің» фаворит екені анық.«Ордабасының» да мүмкіндігі бар. Олардың кадрлық ресурстары мол, құрамыжергілікті ойыншылардан жасақталған. Маған отандық футболшыларға сенім артатын«Тараз» клубы да ұнайды. Олардың жеңіске деген құлшынысы артып тұрады,мінездері де бар. Сондықтан «Тараз» да тосынсый жасай алады. Оның үстіне, жинаған ұпайларыда аз емес. Қағаз жүзінде фавориттер белгілі, бірақ іс жүзінде кез-келген нәрсеболуы ықтимал. Болжау мүмкін емес.

Байтана

— «Тараздан» Бауыржан Байтананы алдыңыздар, сондай-ақ«Қайраттың» ойыншысы Рикарду Алвешке де қызығушылық таныттыңыздар.

— Біз ойынның кейбір тұстарын жақсарту үшін осындайкреативті футболшыға зәру болдық. Иә, Рикарду Бауыржан секілді біздіңтрансферлік тізімде болды. Байтанамен көктемде келісіп қойған едік, бірақ жарияетпедік. Ол өзінің туған командасында жақсы ойнап жүрді, жарамды келісім-шартыболды. Бұл ауысым біз үшін де, ол үшін де оңай қадам болған жоқ. «Тараз» басшылығынабізді түсінгендері үшін алғыс айтамын. Бауыржанның бойында біздің командағақажет болатын қабілеттері мол. Командамды нашар деп айтпаймын, бірақ бізкүшейгіміз келеді.

Алвеш

Біз Байтанамен бірге Алвешті де алғымыз келді. Рикардуменкеліссөздер жүргіздік. Бірақ оның талап еткен ақшасын біз төлей алмаймыз.Сондықтан ол басқа клубты таңдады. Алвеш шабуылдарды жақсы ұйымдастырады,стандарттарды тәп-тәуір орындайды. Сол себепті оған қызығушылық таныттық.

— Максим Самородов басшылық тарапынан сынға ұшырағанболатын. Бірақ Сіз оны қолдадыңыз. Оның қазіргі жағдайын қалай бағалайсыз?

— Спортшының өмірі толқын секілді әр қилы кезеңдердентұрады. Бүгін жоғары көтерілсең, ертең төменге құлайсың. Сен туралы әртүрліәңгімелер айтылмас үшін өз деңгейіңді көрсету қажет. Бойыңда таланттың болуыбір әңгіме, ал оны пайдаланып, тұрақты түрде ойнау мүлдем басқа мәселе.Максимге клуб басшылығы тарапынан да, жанкүйерлер тарапынан да сын тағылды.Бірақ біз оны қолдаймыз. Себебі, оның бойында талант бар, әлі жас және ұлттыққұрамаға керек ойыншы. Максим – заманауи және көңілді жігіт. Ол бұл тығырықтаншығады деген ойдамын.

Самородов

— Уго Видемонды осы маусымның үздік ойыншысы деп айтааласыз ба? «Ақтөбенің» чемпионаттағы және Кубоктегі ойындарына қарасақ, командафранцуз футболшысына тәуелді секілді. Осы пікірмен келісесіз бе?

— Келісуге болады. Бірақ қаншалықты тәуелді – бастымәселе осы. Уго – біз үшін маңызды ойыншы. Бұл туралы бірдеңе деп айту қиын.Бірақ нәтиже бәрін анық көрсетіп тұр. Футболшының мүмкіндіктерін статистикассыайқындап береді. Видемон кезінде Францияның 17, 19 жасқа дейінгі құрамаларынашақыртылған. Мұның өзі футболшының деңгейінің жоғары екенін көрсетеді. Ол бізге«Жальгиритен» келіп қосылды. Уго литвалық команданың үздік ойыншысы болды. Иә,біз оған тәуелдіміз. Бірақ Қазақстан кубогінде нашар ойнауымыз бірқатар ойыншылардыңжарақат алуына да байланысты болды.

Видемон

— Жазғы трансферлік кезеңде Сіз көп гол соғатын шабуылшы іздедіңіз. Алдағы уақытта еркін агент атанған ойыншы алу жоспарыңызда бар ма?

— Бізде бұл позицияға лайықты бірқатар үміткерлер бар.Жұмыс жасап жатырмыз. Асығыстық танытып, қателік жасағымыз келмейді.Қалтамызға қарап, мүмкіндігімізді саралаймыз. Бірақ қазір голды топырлатыпсоғатын шабуылшыны табу өте қиын. Ондай футболшылар қанша ақша ұсынсаң да, біздің Қазақстанға келгісікелмейді. Шындыққа тура көзбен қарау қажет. Бізден Видемонды қайдан таптыңдардеп сұрап жатады. Ол «Жальгиристе» қазіргіден үш есе аз айлық алды. Бірақ Литва,Латвия секілді елдер Еуропға жақын. Ол жердегілер бір сағат ішінде Еуропаныңкез-келген нүктесіне бара алады. Ал біздің елден бару қиынға соғады. Билеттіңқұны қымбат, уақытын жоғалтады, жанұясы бар дегендей. Біздіңчемпионатқа келетін ойыншылар бірінші кезекте осы мәселеге назар аударады. Сондықтан Қазақстандағы командалар Литваға қарағанда көп ақша ұсынады. Бұл –шындық. Қазір посткеңестік елдерден Жерар Гоу секілді шабуылшыны таба алмайсыз.Оның жасы 33-те. Қазақстанда үш маусым өткізіп, жүзден аса гол соқты. Ал қазірол командамдағы шабуылшыларға қарағанда өте аз ойнап жүр, бірақ үш голыбар.

Филипович

— Алвешпен бірге «Ақтөбенің» тізімінде Андрия Филиповичте болған екен.

— Ақылға сыймайтын бұл оқиға туралы айтқым да келмейді.Біз әлеуметтік желідегі ақпаратты оқып, күлкіге қарқ болдық. Филипович біздіңқақпашымыз Стаменковичтен Ақтөбеден пәтер тауып беруін өтінген екен. Біз бұлтуралы білген де жоқпыз. Онымен келіссөз жүргізбедік. Оның басқа командаменкелісім-шарты бар. Оған төленетін айлық жайлы да ақпарат тарады. Бірақ оныменмүлдем сөйлескен жоқпыз.

— «Ақтөбе» маусымның қалған бөлігін қосалқы стадиондаөткізе ме?

— Әзірге жоқ. Біз Орталық стадиондағы жанкүйерлердіңқолдауынан айырылғымыз келмейді. Бірақ қосалқы стадионға қазан айында көшуімізықтимал. Осы маусымды Орталық стадионда аяқтауға тырысамыз. Бұл біздің бастықаруымыз және артықшылығымыз.

— «Ақтөбедегі» дебюттік матчыңызда, Қазақстан құрамасыныңМолдоваға қарсы өткен ойынында және өткен маусымда «Қызыл-Жар» мен «Ордабасы»арасындағы кездесуде Сіздің командаңыз жігерлі жеңіске қол жеткізді. Осыойындардың қайсысында көп эмоция жұмсадыңыз?

— Әр ойында да ерекше сезім болды. Себебі әрматчта алдымызға қойылған мақсатты орындау қажет болды. Шынымды айтсам, ұлттыққұраманың ойынында эмоцияға көп ерік бердім. Қазақстан құрамасын аз уақытжаттықтырдым. Қысым көп түсті. Біз бүкіл елді жерге қаратқымыз келмеді. Слигасында қалу туралы міндет болды және біз оны орындадық. Ол кезеңді сөзбенайтып жеткізу қиын. Молдовадан ұтылсақ, бапкерлік мансабыма нұқсан келеді дегенойлар жиі мазалады. Дегенмен бұл мен үшін бұл үлкен тәжірибе болды. Футболдабарлығы соңғы секундта шешілуі мүмкін. Сондықтан барлығы жақсы аяқталғанынақуаныштымын.

Карпович

— Сізді ұлттық құрамада қалдырмағанына өкінесіз бе?

— Ұлттық құрамадағы жұмысты клубпен салыстыруға келмейді.Ол жақта көбінесе сараптама жасап, теориялық тұрғыдан ғана дайындалуға уақытболады. Ал практика жасап көруге мүлдем мүмкіндік жоқ. Мен Әділет Назарбайұлынатек Молдовамен болатын екі матчта бапкер болып, алға қойылған міндеттіорындайтынымды айттым. Ал болашақ жайлы әңгіме болған жоқ.

— Сіздің бұрынғы командаңыз еурокубокте «Осиекті» ұтты.Қазір АПОЭЛ-ге қарсы тұруда. Сіз бұл нәтижені қалай қабылдайсыз?

— Әрине олар үшін қуанамыз. Бұл «Қызыл-Жар» үшін естеқалатын керемет кезең деп ойлаймын. Клуб президенті мен облыс басшылығы жақсыжұмыс жасауда. Бұл олардың еңбегі. Олар Әли Әлиевке сенім артты. Ал олкоманданы біріктіріп, жақсы нәтиже тіркеді. Ешкім сенбеді, бірақ «Қызыл-Жар»тарихты жаңартуда. Футболда бәрі мүмкін екенін білесіздер. Былтыр «Шахтердің»Конференция лигасында не істегенін көрдіңіздер. Біздің қолымыздан бәрі келеді.Мұны дәлелдеп те үлгердік.

— «Астана» мен «Қайрат» Конференция лигасында сәтсіздіккеұшырады. Мұның бәрі қаржыға байланысты ма әлде басқа да факторлар әсер ете ме?

— «Қызыл-Жардың» бюджеті оларға қарағанда әлдеқайда аз.Демек мәселе қаржыға келіп тірелмейді. Әр клубтың ішінде белгілі бір мәселелерболады. Командалардың деңгейі төмендеп барады. Мұның бәрін егжей-тегжейлі қарастырукерек. Бұл нәтижелер біздің елдегі футболдың деңгейіне кері әсерін тигізеді.«Астана» секілді мықты командалар алдына қойылған міндетті орындауы тиіс еді.Айтуға оңай, бірақ клубтағы мәселелерді ешкім білмейді. Тіпті мен де оларғаақыл-кеңес бере алмаймын.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
Девушки в спорте