Наурызбай Сатжанов
Менің есімім Наурызбай. 26 жастамын. Үйленгенмін, екі балам бар. Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысында туылғанмын. Мектеп кезінен шығармашылыққа, спортқа әуес болдым. Өлең жазамын, сурет салатынмын.
2011 жылы мектепті бітіріп, Алматы қаласындағы Қазақ Ұлттық Университетінің студенті атандым. Адам өміріндегі маңызды кезең - мамандық таңдау. Оны жасау барысында жас жеткіншек көп нәрсеге мән береді. Ең алдымен таңдаған саласы өзіне ұнауы керек. Маған кітап оқып, өлең жазған, шығарма жазған ұнайтын. Сонан соң теледидарда сөйлеп жатқан тілшілер мен дикторларды көріп қатты қызығатынмын. Сол үшін мен өзімді болашақта журналистика саласында көрдім. Алайда ол мамандыққа университеттерде өте аз грант бөлінетін. Мемлекеттік грантпен оқуға түсе алмай қалсам, ата-анамның материалдық жағдайы менің 4 жыл бойы ақылы бөлімде оқуыма жетпейтін еді. Солайша, мен көп грант бөлінетін, өзім қатты жақсы көрмесем де, білім деңгейім жетеді-ау деген оймен химия саласын таңдадым. Бұл саланың акалавр мен магистратурасын бітірдім. Өкінбеймін, сол университетте оқып жүргенде (стажировка) арманымдағы 2017 жылы «Камп-Ноуды» көрдім және «Парк де Пренс» стадионында Неймар мен Ди Марияның ойынын өз көзіммен көрдім.
Менің футболға деген махаббатым Гвардиола жаттықтырған «Барселонаның» ойынын көрген кезде басталды. Ол осыдан шамамен 12 жыл бұрын. Хави-Месси-Иниеста үштігінің алаңдағы тики-такасын көргеннен бастап, футбол матчтарын көру мен үшін рахат сезім болды. Әрине, ауылдық жерде тұрдық, цифрлы теледидар болмады, десе де ірі турнирлерді көрсетсе, түнгі сағат 3те болса да соны ұйықтамай көретінмін біраз ойындарды.
Осы спортқа деген махаббат есейе келе мені түрлі спорт журналистерінің курсына жазылуға әкелді. Солардың соңғысы жақында ғана біткен «Қазспорт» арнасының комментаторы Ермұхаммед Мәуленнің екі айлық курсы еді. Бұл курс барысында біз ақпарат, мақала, талдау мақалаларын қалай жазуды үйрендік. с
Сайтта мақалаларымыз жарияланып, соның арқасында спорт журналисі Ербол Қайыровқа еңбектеріміз ұнап, ол кісі бізді осы сайтқа жұмысқа шақырып отырған жайы бар.
Менің өмірлік ұстанымым: «Спортпен өмір қызықты әрі пайдалы!»