Наурызбай Сатжанов
Выбор пользователей
Первый букмекер
Лучшие коэффициенты
Выбор редакции

Наурызбай Сатжанов
Наурызбай Сатжанов Редактор новостей

Местоположение:
Казахстан, Алматы
Возраст:
27
Пол:
Мужчина
Развернуть Свернуть
О себе:

Менің есімім Наурызбай. 26 жастамын. Үйленгенмін, екі балам бар. Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысында туылғанмын. Мектеп кезінен шығармашылыққа, спортқа әуес болдым. Өлең жазамын, сурет салатынмын. 

2011 жылы мектепті бітіріп, Алматы қаласындағы Қазақ Ұлттық Университетінің студенті атандым. Адам өміріндегі маңызды кезең - мамандық таңдау. Оны жасау барысында жас жеткіншек көп нәрсеге мән береді. Ең алдымен таңдаған саласы өзіне ұнауы керек. Маған кітап оқып, өлең жазған, шығарма жазған ұнайтын. Сонан соң теледидарда сөйлеп жатқан тілшілер мен дикторларды көріп қатты қызығатынмын. Сол үшін мен өзімді болашақта журналистика саласында көрдім. Алайда ол мамандыққа университеттерде өте аз грант бөлінетін. Мемлекеттік грантпен оқуға түсе алмай қалсам, ата-анамның материалдық жағдайы менің 4 жыл бойы ақылы бөлімде оқуыма жетпейтін еді. Солайша, мен көп грант бөлінетін, өзім қатты жақсы көрмесем де, білім деңгейім жетеді-ау деген оймен химия саласын таңдадым. Бұл саланың акалавр мен магистратурасын бітірдім. Өкінбеймін, сол университетте оқып жүргенде (стажировка) арманымдағы 2017 жылы «Камп-Ноуды» көрдім және «Парк де Пренс» стадионында Неймар мен Ди Марияның ойынын өз көзіммен көрдім. 

Менің футболға деген махаббатым Гвардиола жаттықтырған «Барселонаның» ойынын көрген кезде басталды. Ол осыдан шамамен 12 жыл бұрын. Хави-Месси-Иниеста үштігінің алаңдағы тики-такасын көргеннен бастап, футбол матчтарын көру мен үшін рахат сезім болды. Әрине, ауылдық жерде тұрдық, цифрлы теледидар болмады, десе де ірі турнирлерді көрсетсе, түнгі сағат 3те болса да соны ұйықтамай көретінмін біраз ойындарды. 

Осы спортқа деген махаббат есейе келе мені түрлі спорт журналистерінің курсына жазылуға әкелді. Солардың соңғысы жақында ғана біткен «Қазспорт» арнасының комментаторы Ермұхаммед Мәуленнің екі айлық курсы еді. Бұл курс барысында біз ақпарат, мақала, талдау мақалаларын қалай жазуды үйрендік. с

Сайтта мақалаларымыз жарияланып, соның арқасында спорт журналисі Ербол Қайыровқа еңбектеріміз ұнап, ол кісі бізді осы сайтқа жұмысқа шақырып отырған жайы бар. 

Менің өмірлік ұстанымым: «Спортпен өмір қызықты әрі пайдалы!»

Новость дня
Хоккей 16/04/2021 23:14
«Сарыарқа» ХК финалдық серияның бірінші ойынында «Арланнан» ұтылды
Фото
Единоборства 16/04/2021 21:25
Асылзат Сағымбай: «Жартылай финалдағы жеңіліс өзімнен болды»
Фото
Футбол 17/04/2021 00:21
Абат Айымбетов: «Жарақаттар мені бұрынғыдан да мықты етті»
Новость дня
Фото
Единоборства 16/04/2021 20:51
Алтынай Сатылған Азия чемпионатының үздік үштігіне кірді
Фото
Спорт 16/04/2021 19:35
Асылзат Сағымбай Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды
Видео
Футбол 16/04/2021 19:30
Кездесу тағдыры соңғы сәттерде шешілген «Ақтөбе» — «Атырау» ойынының бейнешолуы
Фото
Футбол 16/04/2021 19:12
Азат Нұрғалиев «Тобыл» сапында ең көп ойын өткізген төрт ойыншының қатарына кірді
Новость дня
Футбол 16/04/2021 18:53
«Атырау» Қазақстан чемпионатының бірінші жартылай финалдық ойынында «Ақтөбені» соңғы секундтарда тізе бүктірді
Фото
Футбол 16/04/2021 18:06
«Қайрат» Гүлжігіт Алыкуловпен келісімшарт мерзімін ұзартты
Фото
Футбол 16/04/2021 17:58
Футболдан 2020 жылғы Қазақстан чемпионатының үздік сұрмергені мансабын аяқтады
Фото
Футбол 16/04/2021 17:48
Салах жазда командадан кетсе, «Ливерпуль» Суаресті қайта алуы мүмкін
Фото
Спорт 16/04/2021 17:36
«Батырдың басқа қарсыластарына қарағанда теникасы жақсырақ әрі тәжірибесі молырақ». Жүкембаевтың бәсекелестері арасындағы артықшылықтары туралы айтылды
Новость дня
Фото
Футбол 16/04/2021 17:23
«Шахтер» футбол клубын ресейлік бапкер жаттықтырады
Спорт 16/04/2021 17:12
Бекзат Нұрдәулетов бокстан Ресейдегі халықаралық бәсекеге қатысады
Единоборства 16/04/2021 16:59
Қазақстандық каратэшілер Парижде екі қола жеңіп алды
Фото
Футбол 16/04/2021 13:20
Нөсербаев«Тұранды» алғаш рет капитан ретінде алаңға бастап шықты
Фото
Футбол 16/04/2021 11:54
Алексей Щеткин волгоградтық ұжым сапында жаттығуға қайта оралды
Фото
Футбол 16/04/2021 11:35
ҚПЛ-дың 5 тарынан кейінгі үздік сұрмергендер мен ассистенттер
Фото
Единоборства 16/04/2021 11:26
Эльмира Сыздықова: «Жаңа салмақта бірінші рет Азия чемпионы атанып отырмын»
Бокс 16/04/2021 11:12
Екі қазақстандық боксшы жастар арасындағы Әлем чемпионатынан шығып қалды
Статьи 14/04/2021 12:17
Қазақстан Премьер-лигасының алғашқы бес турындағы есте қалған кездесулер