ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Лучшее приложение 2024*
Winline KZ
PIN-UP KZ
Самый надёжный букмекер*
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

«Ордабасы» – «Тобыл»: Ермұхамед Мәуленнің болжамы

Футбол. ҚПЛ. 5-тур.
Ордабасы – Тобыл.
Стадион: «Орталық». Шымкент.
09.04.2022. 17:00 (Нұр-Сұлтан).

9 сәуірдегі «Ордабасы» – «Тобыл» матчына болжам

Қазақстан чемпионатының 5-турында «Ордабасы» ел чемпионы «Тобылды» қабылдайды. Шымкенттің командасы өте қонақжай команда ғой, бұл жолы қонақтарды 3 ұпаймен сыйлап жіберетін секілді. Себебі, «Тобыл» Қазақстан чемпионатында әлі қақпасына гол жібермеген команда болып саналады. Қазақ футболын 5 саусағындай білетін Ермұхамед Мәулен осы ойынға болжам жасапты.

Шымкентте жаңбыр жауып, жасыл алаң батпаққа айналса «Ордабасы» ешкімді аямайды. Олар өз алаңында осындай күн райы болған кезде ұпай еншілейді. Мысалы Серж Ньюадзи «Мақтаарал» қақпасына осылай гол салған. Одан кейін «Орда» Шымкентте «Ақжайықты» қабылдады. Бұл матчта тоқтамай жауған жаңбыр алаң иелеріне 2 гол салуға мүмкіндік берді. Александр Седневтің командасы өз алаңында жақсы ойнағанымен сыртқа барып жеңіліп келеді. «Тараз» бен «Каспийге» жеңілген соң енді өз алаңында қайтадан ұпай алуды көздеп отыр. Шабуылға бар күшін салып, добы түзу ұшпайтын қиын алаңда «Тобылды» әбден қинап көреді. Бірақ, қақпасына гол жіберіп көрмеген «Тобыл» қақпасын аман сақтау үшін бәрін салады.

«Тобыл» бас бапкері Александр Москаленко қазір командасын жақсылап дайындап жүр. Өз алаңында «Тұранды» 3:0 қылды. Тағыбергеннің дубльі мен Тошичтің пенальтиі Түркістанның командасын есеңгіретіп жіберді. Енді ұпайдан шашау шығармас үшін «Тобылға» «Ордабасыны» ұту қажет болып тұр. Асхат алыстан тебуді жиілететін матч болып тұр. Себебі, жасанды алаңға үйренісіп қалған «Тобыл» футболшыларына Шымкенттегі «Орталық» стадионның көк майсасы иірімі көп, бұралаң жолмен бірдей болып тұр. Болмаса бұрыштама мен айып доптарына иек артуға тура келеді. Осыған дайындалып келе жатқаны айдан анық шығар, қостанайлық клубтың». Ең бастысы 1 гол салса болды, жеңіске жету мүмкіндігі арта түседі.

Сынап бағанасына қарсақ Шымкентте күн жылы, нағыз көктем. Жаңбыр жауады деген ақпаратты да байқай алмадық. Ондай болса «Ордабасы» да, «Тобыл» да көп гол сала қоймас. Менің ойымша, матчта 3 гол салынбайды. Букмекерлік кеңселер матч тоталы 2,5 кем дегенде 1,76 коэффициент ұсынып отыр. Тәуекелге барып, бәс тігуге болатын секілді.

Калькулятор ставок
Сумма выигрыша
0
Выплата
0
Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
Другие прогнозы