«Қайрат» – «Мақтаарал» Қазақстан Премьер-лигасы, 14-тур 19 маусым, 19:00 (Нұр-Сұлтан) Алматы, Орталық стадион
«Қайрат» – «Мақтаарал»: Ермұхамед Мәуленнің болжамы
Қазақстанда футбол маусымы қайта жалғасады. Ұлттық құрама ойындарынан соң лига матчтары өте қызықты өтері анық. Ендеше «Қайрат» - «Мақтаарал» матчының тағдыры қалай болмақ? Комментатор Ермұхамед Мәулен осы ойынға болжам берді.
«Қайраттың» жай-күйі:
Құрбан Бердыев алматылық клубтан кетті. Тәжірибиесі мол бапкер түк тындыра алмады. Түркмениялық маманның орнына Кирилл Кекер келді. Бұл кісі өткен жылы да «Қайратты» баптаған. Академия жастарын жақсы танитын жаттықтырушы. Сондықтан да Кекердің келгені «Қайратқа» көмек болары анық. Олар осы турда жеңіске жетуге ұмтылып көреді.
«Мақтааралдың» жай-күйі:
«Мақтаарал» тегеурінді ұжым. Бұл командада көптеген легионер бар. Соның арқасында команда ішінде бәсекелестік қызып тұр. Алайда, командалық ойынның нашарлығы нәтижеге жеткізбей жатыр. Қорғаныстағы ойыншылары жиі қателесіп, болмашы голдарды жіберіп алады. «Қайраттың» шабуылдағы күшті ойыншылары бірнеше гол салатын секілді.
Бәс пен болжам:
«Қайрат» өз алаңында мықты ойнайды. Сондықтан алматылықтар жеңіске жетеді деп ойлаймын. Букмекерлік кеңселер алаң иелерін анық фаворит санап отыр. Біз де сол пікірге сенім артамыз.