«Астана» - «Ақсу» Қазақстан Премьер-лигасы, 14-тур 19 маусым, 21:00 (Нұр-Сұлтан) «Астана Арена»
«Астана» - «Ақсу» матчына болжам
«Астана» мен «Ақсу» ойыны тартысты қызықты өтуі мүмкін. Бірақ, алаң сыртындағы кейбір оқиғалар матчтың анық фавориті «Астана» екендігіне сендіреді. Біздің сайтымыздың тұрақты эксперті Ермұхамед Мәулен де солай ойлайды екен.
«Астананың» жай-күйі
«Астана» дәл қазір турнирлік кестеде 2-орында тұр. Елордалық клуб көшбасшы «Каспийден» 1 ұпай ғана қалып келе жатыр. Сондықтан да әрбір ойында ұпай еншілей берсе Срджан Блогоевичтің командасы бірінші орынға көтерілуі әбден мүмкін. «Каспийдің» де тұрақтылығы сондай мықты емес. Томасов, Эуженио және Рай Влут секілді шебер футболшылар «Ақсудың» тас-талқанын шығаратын шамада. Айбол Әбікен кеткен соң «Ақсу» тіпті нашарлап кеткен.
«Ақсудың» жай-күйі
«Ақсу» сапында көзге түсіп жарқырап жүрген екі ойыншы болса соның бірі Асланбек Кәкімов. Ол ортада жүріп тамаша пастар бере алады. Соның пастарынан кейін команда гол салады. 10 ойында 13 ұпай жинаған павлодарлық команда қазір турнирлік кестеде 10-орында келе жатыр. Сырт алаңда «Астанадан» ұпай алып кетсек деген жоспары бар. Руслан Костышиннің командасы тең нәтижеге қуанар еді.
Болжам мен бәс:
«Астана» командасының біріншіліктегі ең көп гол салатын команда екенін ескере отырайық. Блогоевич келгелі бері елордалықтар шабуылдағанды ұнататын болды. Олар осы кезге дейін 23 гол салып тастады. Орташа есеппен әр ойында кем дегенде 2 гол салады екен. Демек, «Астана» жеке тоталы 1,5 көп деген бәсті алсаңыздар болады.