«Жетісу» ФК бапкері: «Жергілікті жастарды дамыту керек»

«Жетісу» ФК бапкері: «Жергілікті жастарды дамыту керек»

«Жетісу» ФК бас бапкері Ринат Алюетов ресейлік «Олимп-Долгопрудный» командасымен болған (2-0) жолдастық кездесу жайлы пікір білдірді.

- Оқу-жаттығу жиынындағы бірінші ойын болғандықтан сәл қобалжу болды, дегенмен біз жеңіске жеттік. Маған жігіттердің алаңдағы бір-бірімен түсінісіп ойнауы ұнады. Алаңға шыққан футболшылардың 70 пайызы Талдықорған мен Алматы облысының жігіттері екенін айтып өткен жөн. Клуб басшылығы жергілікті футболшылапды дамыту керек деген тапсырма берді. Бұл мақсат қазірден бастап орындалу үстінде. Алдымызда істейтін жұмыс өте көп, біз одан ары дамып, әдемі әрі қызықты ойын көрстететін боламыз.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!