ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

«Жетісуға» 8 жыл бойы бапкерлік қызметте болмаған маман бас бапкер болып тағайындалды

Талдықорғандық «Жетісудың» бас бапкері болып 51 жастағы Эдуард Глазунов тағайындалды, деп хабарлайды команданың баспасөз қызметі.

Глазунов осыған дейін 2006-2008 жылдары «Жетісуда» қызмет екен. Одан бөлек «Қазақмыс», «Оқжетпес» және «Жеңіс» сынды клубтардың тізгінін ұстаған.

Глазунов соңғы рет бапкер ретінде петропавлдық «Қызылжара» 2014 жылы қызмет еткен. Содан бері Глазунов бапкерлік қызметте болмаған. Әр жылдары «Қайсар» мен павлодарлық «Ертістің» спорттық директоры болып қызмет етті. Соңғы уақытта ҚФФ техникалық орталығында жұмыс істеген.

Естеріңізге сала кетсек, «Жетісу» ҚПЛ-дің өткен мауысымында 14-орынға тұрақтап, Бірінші лигаға ұшып кеткен еді.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!