«Атыраудың» бас бапкері Константин Горовенко Премьер-лиганың алғашқы турында «Ақсумен» болған ойын (0:0) жайлы пікір білдірді.
- Константин Александрович, сізді алғашқы сынақтан өтуіңізбен құттықтаймыз. Бүгін ауа-райының суықтығына, қатты желге қарамастан футбол алаңында өте тартысты ойын болды. Матч туралы өз пікіріңізді білдірсеңіз.
- Маусымның басы әрдайым қобалжытады, сондықтан ойыншылар бұған дайындалады, күтеді, қобалжиды. Бұл көктемгі футбол, әрдайым допқа талас жүргізілді, ойыншылар өздерін көрсеткісі келді. Алайда, әдемі футбол күту қиын, оның үстіне ауа райы өз кесірін тигізді, желдің қатты болғанын, қар жауғанын барлығы көрді. Барлығы ұтуға тырысты. Жалпы тартысты және тең ойын болды.
- Кейбір сәттерде Николай Тарасов қорғаныста кешігіп қалғандай көрінді, сол жөніне пікіріңізді білдірсеңіз?
- Бұл қалыпты жағдай, қар жауып тұрды, мүмкін аяқ киімді дұрыс таңдамады, сол себепті өзіне сенімсіз болды, бірақ футбол жағынан қорғаныста тырысты, құдайға шүкір ойын жарақатсыз өтті.
- Наурызбек Жагоров және басқа да ойыншылар құрамда болған жоқ, сол туралы айта кетсеңіз?
- Бізде шабуылшылар тобында бәсекелестік жоғары, сондықтан біз ең мықтыларын таңдаймыз. Жагоров бізге оқу-жаттығу жиынының соңында ғана келді, бізбен 5-7 күн дайындалды, сондықтан оған әлі өзінің қабілеттілігін дәлелдеу керек болады, баріне де мүмкіндік береміз.
- Біздің жергілікті ойыншылар Алтынбек Сапаров пен Асылбек Сейтқалиев туралы пікір білдірсеңіз.
- Әрине әрбір командада жергілікті ойыншылар болу керек екенін түсінеміз, бұл жергілікті мекен мен клуб ортасындағы байланыс, біз бәріне бірдей қараймыз, футболист ретінде бағалаймыз, бүгін оларға өздерін көрсетуге мүмкіндік бердік, олар бастапқы құрамда шықты, өздеріне сай ойын деңгейін көрсетті. Бізге ойынды сергіту керек болды, сондықтан ойын ортасында оларды ауыстырдық.
Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.












