Жәнібек Әлімханұлы бразилиялық боксшымен жұдырықтасуы мүмкін

Inside The Ropes басылымы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының (11-0, 7 КО) әлем чемпионы үшін болуы мүмкін жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sports.kz.

«Егер шындығына келсек, Жәнібек Әлімханұлының келесі жылы орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша бос титул үшін Эскива Фалькаомен жекпе-жегін көре аламыз. Бұл біртүрлі, қызықты жекпе-жек болады», - деп жазды басылым.

Ескива Фалькао (29-0, 20 КО) әлі кәсіпқой бокста титулдық жекпе-жек өткізбеген. Қазіргі орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионына келсек, ол америкалық боксшы Деметриус Андраде (31-0, 19 КО), ал Жәнібек Әлімханұлы оның міндетті қарсыласы. Алайда көп ұзамай Андраде супер орта салмаққа көтерілуі мүмкін, содан кейін оның белбеуі бос қалады.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!