ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Зайнутдиновтің командасы Түркия құрамасының ойыншысымен толықты

Мәскеулік ЦСКА футбол клубы Түркия құрамасы мен франциялық «Лилльдің» ойыншысы Юсуф Языджимен толықты, деп хабарлайды команданың баспасөз қызметі.

Түркиялық жартылай қорғаушы 2021/22 маусымы аяқталғанға дейін мәскеулік клубта жалға ойнайды. Сонымен қатар 24 жасар ойыншыны сатып алу опциясы да қарастырылған.

Юсуф Языджи медициналық тексеруден сәтті өтті және жақын күндері Кампоаморадағы оқу-жаттығу жиынына келіп қосылады.

Юсуф ағымдағы маусымда «Лилль» сапында 22 матч өткізіп, бір гол соқты.

Естеріңізге сала кетсек, түркиялық жаңа клубында қазақстандық Бахтиер Зайнутдинов та өнер көрсетеді.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!