ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

«Ювентусты» жеңіп көрмеген «Порту» өз алаңында тарихи жетістікке жете ала ма?

Бүгін Чемпиондар лигасының кезекті ойындары өтеді. Осыған орай Meta-ratings.kz тілшісі «Порту» – «Ювентус» матчының алдында қос клуб жайлы азды-кем ақпараттар дайындады.

Бұл екі клуб бір-біріне таңсық емес. Осыған дейін бес мәрте өзара күш сынасқан. Соның төртеуінде туриндіктер басым түссе, бір ойын тең нәтижемен аяқталған. Португалиялықтар «Ювентусты» әлі жеңіп көрмепті.

Бұл «Портудың» Чемпиондар лигасындағы 24-ші маусымы. Осы жөнінен «айдаһарлардың» алдында «Барселона» мен мадридтік «Реал» (екеуінде 25-тен) ғана. Чемпиондар лигасының өз алаңында өткізген соңғы тоғыз ойнында төрт жеңіске жетіп, екі мәрте тең ойнаса, үш ойында қарсыласқа жол берген. 1/8 финалдың соңғы алты текетіресінде екі рет келесі кезеңге жолдама алған. Сонымен қатар өз алаңында өткізген 1/8 финалдың 11 ойнында алты рет жеңіске жетіп, үш матчта тең түссе, екі ойында қарсыласқа тізе бүккен. Ал 2017 жылы бүгінгі қарсыласы «Ювентуске» өз алаңында жеңіліп, А сериясының клубтарына қарсы өткізген өз алаңындағы соңғы тоғыз ойындағы жалғыз сәтсіздігіне ұшыраған. Оған дейін төрт ойында жеңіс тойын тойласа, төрт кездесуде таблода тең есеп тіркелген. Тағы бір айта кететіні, «айдаһарлар» Чемпиондар лигасында 467 минут бойы қақпасын голдан аман сақтап келеді.

«Ювентус» 1/8 финалға 12-ші рет шығып отыр. Соның жетеуінде ширек финалға жолдама алса, төртеуінде қарсыласқа жол берген. Чемпиондар лигасының қонақтағы соңғы алты ойнында туриндіктер бес рет жеңімпаз атанған. Ал португалилық клубтармен 15 рет кездесіп, сегізінде мерейі үстем болса, үш ойында тең тарқасып, төрт ойында есе жіберген. Төрт мәрте де «Бенфикадан» жеңілген екен. Қонақтағы көрсеткіші мынадай: екі жеңіс, екі тең ойын, үш жеңіліс. Ал қос матчтық текетіресте португалиялық клубтарға екі рет жол беріп, үш мәрте жеңіс тойын тойлаған.

Ішкі чемпионаттағы жағдайларына тоқталсақ, екеуі де көшбасшы клубтан жеті ұпайға қалып келеді. Бірақ «Ювентус» төртінші орынға, ал «Порту» екінші сатыға жайғасқан. «Айдаһарлар» Примейра-лиганың қатарынан 13 ойнында жеңілмесе, «кәрі синьора» соңғы бес ойынның екеуінде жеңіліп үлгерді.

Маңызды ойынға «Порту» сапынан жарақаттарына байланысты Иван Маркано, Мухамед Мбайе және Нану қатыса алмайды. Ал «Ювентус» қатарынан Артур, Хуан Куадрадо және Леонардо Бонуччи сынды белді ойыншылар 1/8 финалдық ойыннан тыс қалды. Аргентиналық шабуылшы Пауло Дибаланың матчқа қатысу-қатыспауы белгісіз болып тұр.

Матчқа Карлос дель Серро бастаған испаниялық төрешілер тобы қазылық етеді. Ойын Нұр-Сұлтан уақытымен 02:00-де «Драгау» стадионында басталады. Кездесудің тікелей көрсетілімін QAZSPORT телеарнасынан тамашалай аласыздар.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!