Юлия Путинцева Дубайда негізгі турнирге шыға алмады

Қазақстанның екінші, әлемнің 42-ракеткасы Юлия Путинцева Дубай WTA 500 турнирі іріктеу сайыстарының финалында жеңіліп қалды.

Қазақстандық теннисші іріктеу сайыстарының финалында әлемнің 38-ракеткасы, чехиялық Маркета Вондроушовамен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда чехиялық спортшы басымдылық көрсетті - 6:2. Екіншісінде Юлия Путинцева есе қайырды - 6:4. Ол үшінші, шешуші сетті брейкпен бастағанымен, сол қарқынын жалғастыра алмады - 4:6.

Екі сағатқа жуық уақытқа созылған матчта қазақстандық теннисші 10 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Қарсыласы 5 эйс жасап, 6 брейкке қол жеткізді.

Осылайша Ю.Путинцева негізгі турнирге өте алмады.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!