Юлия Путинцева Дохада әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасына жол берді

Қазақстанның екінші, әлемнің 42-ракеткасы Юлия Путинцева Доха (Катар) WTA 1000 турнирінің екінші айналымына шыға алмады.

Қазақстандық теннисші кезінде дүниежүзілік рейтингте көш бастаған, қазір әлемнің 17-інші, осы ірі жарыстың 12-ракеткасы, Беларусь өкілі Виктория Азаренкомен кездесті.

Бірінші партия барысында қарсыластар брейк алмасты. Содан кейін тағы бір брейкке қол жеткізген Путинцева басымдылық танытты – 7:5. Екінші сетте Азаренко дес бермеді – 6:2. Үшінші, шешуші партияда қазақстандық спортшы 4:1 есебімен алға шыққанымен, сол мүмкіндігін пайдалана алмады. Ақыры жеңіс Азаренконың еншісінде кетті – 7:5.

Үш сағатқа жуық уақытқа созылған тартысты кездесуде Путинцева 2 эйс жасап, 13 брейк-пойнттың төртеуін өз есебіне жазды. Қарсыласы 7 эйс, 6 брейкке (23 брейк-пойнт) қол жеткізді.

Қазақстанның бірінші, әлемнің 16-ракеткасы Елена Рыбакина Дохадағы бастапқы кездесуін рейтингте 67-орындағы румыниялық Жаклин Адина Кристианмен өткізеді.

Жүлде қоры 2,6 млн АҚШ долларынан асатын Доха додасы 27 ақпанда мәреге жетеді.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!