ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Юлия Путинцева Чарльстон турнирінің екінші айналымына шықты

Әлемнің 46-ракеткасы, қазақстандық Юлия Путинцева Чарльстон (АҚШ) WTA 500 турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингіде 178-орында тұрған америкалық Робин Андерсонмен өткізді.

Путинцева бірінші партияда қос брейк жасап, айқын басымдылық көрсетті – 6:2.

Юлия екінші сетті де брейкпен бастады – 2:0. Дегенмен Андерсон таразы басын теңестіріп кетті – 4:4. Тартысты өткен тай-брейкте қазақстандық спортшы жеңісті жұлып алды – 7:6 (11:9).

Екі сағатқа жуық уақытқа созылған кездесу барысында Путинцева эйс жасамағанымен, 7 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Қарсыласы 2 эйс, 2 брейкпен (6 брейк-пойнт) ерекшеленді.

Путинцева екінші айналымда әлемнің 47-ші, осы доданың 15-ракеткасы, тағы бір америкалық Аманда Анисимовамен күш сынасады.

Қазақстанның бірінші, әлемнің 18-ракеткасы Елена Рыбакина турнирді екінші айналымнан бастайды. Оның қарсыласы – рейтингте 42-сатыдағы украиналық Ангелина Калинина.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!