ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Букмекер №1 в Казахстане
Лучший букмекерский бренд*
Самый надежный букмекер
Лучший киберспортивный букмекер
Лучший букмекер 2025*

Вороговскийдің «Моленбегі» сырт алаңда жеңіске жетіп, 2-орынға көтерілді

Бельгияның екінші дәрежелі 1B Про лигасының 19-турында «Моленбек» сырт алаңда «Виртон» командасынан басым түсті.

Ойындағы жалғыз голды 20 минутта Жиль Рюйссен соғып, «Моленбек» 0:1 есебімен жеңіске жетті.

«Моленбек» сапындағы Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Ян Вороговский алғашқы минуттардан алаңға шығып, толық матч өткізді.

Осы жеңістен кейін «Моленбек» 32 ұпаймен екінші орынға көтерілді. Ал «Виртон» 14 ұпаймен соңғы сатыда келеді.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!