Вороговскийдің командасы ірі жеңіске қол жеткізді

Құрамында қазақстандық футболшы Ян Вороговский өнер көрсететін «Моленбек» Бельгия бірінші лигасының 25-ші турындағы ойында «Виртонды» 3:0 есебімен ұтты.

«Моленбек» (Моленбек-Сен-Жан, Бельгия) – «Виртон» (Бельгия) – 3:0

Голдар: Игорь де Камарго 16, Ленни Нангис 61, Уильям Тоги 79

Айта кетейік, Ян Вороговский бұл матчтың өтініміне енбеді.

Ол бұған дейін Молдоваға қарсы ойында Қазақстан құрамасының кеңейтілген тізімінде болған еді. Еске салайық, Вороговский өткен жылғы Франциямен өткен ойында (0:8) алған сары қағазы үшін бірінші ойынға қатыса алмайды.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!