Бельгияның екінші дәрежелі чемпионаты саналатын 1B Про лиганың 22-турында «Моленбек» өз алаңында «Льерсті» қабылдады.
Брюссельде өткен ойында алғаш болып қонақтар есеп ашқанымен, алаң иелері 81, 91 және 92 минуттарда гол соғып, 3:1 есебімен жеңісті жұлып әкетті.
«Моленбек» сапында өнер көрсететін Қазақстан құрамасының ойыншысы Ян Вороговский кездесуде негізгі құрамда бастап, толық матч өткізді.
Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.











