ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Вишневская нысана көздеуден мүлт кетпесе де, жүлдеге іліне алмады

Словенияның Поклюка қаласында биатлоннан Әлем чемпионатының әйелдер арасындағы 15 шақырымдық жекелей сыны мәресіне жетті.

Аталған сайыста чехиялық Маркета Давидова жеңіске жетті. Ол нысана көздеуден мүлт кетпей, 15 шақырымды 42 минут 27 секундта басып өтті. Күміс медальді швециялық Ханна Оберг иеленсе, үштікті норвегиялық Ингрид Тангреволд түйіндеді.

Қазақстан сапынан ең жоғарғы нәтижені Галина Вишневская тіркеді. Галина нысана көздеуде қателік жібермегенімен, жылдамдығы жетіспей жеңімпаздан 3 минут 33.1 секундқа қалып, 25-орынды місе тұтты.

Ал өзге де қазақстандықтар Елизавета Бельченко 45-орынға ие болса, Людмила Ахатова 76-орынды қанағат тұтты.

Әлем чемпионаты. Поклюка (Словения). Әйелдер арасындағы 15 шақырымдық жекелей сын

1. Маркета Давидова (Чехия) — 42:27.7 (0+0+0+0)

2. Ханна Эберг (Швеция) — +27.9 (0+0+1+0)

3. Ингрид Ландмарк Тандреволд (Норвегия) — +1:04.0 (0+1+0+0)

25. Галина Вишневская (Қазақстан) — +3:33.1 (0+0+0+0)

45. Елизавета Бельченко (Қазақстан) — +5:03.8 (1+0+1+0)

76. Людмила Ахатова (Қазақстан) — +7:52.2 (1+1+1+0).

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!