Украиналық футболшы «Қайсардың» қаралымына келді

Украиналық футболшы Игорь Кошман «қасқырлардың» жаттығуына келіп қосылды, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.

26 жастағы жартылай қорғаушы «Таврия», «Металлург Донецк», «Металист», «Целе», «Гелиос», «Самтредиа», «Кремень», «Шевардени-1906», «Львов» сынды командаларда доп тепкен.

Соңғы клубы «Львов» сапында тоғыз ойын өткізіп, бір нәтижелі пас беріпті. Игорь «Қайсардың» алдағы жолдастық кездесулеріне қатысып, бапкерлер көңілінен шығуға бар күшін салмақ.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!