Труфанов «Даму кубогының» үздіктері қатарында

Труфанов «Даму кубогының» үздіктері қатарында

Жастар арасында өтетін дәстүрлі «Даму кубогы-2021» турнирі өз мәресіне жетті. «Белорусия футбол федерациясы» мен Минск қалалық атқарушы комитетінің ұйымдастырған сайыста Тәжікстан жастары топ жарды. Қазақстан U-17 күміс жүлдегер атанса, Молдова құрамасы қоланы қанағат тұтты.

Финалдық матч аяқтала сала турнирдің жеке номинациялар бойынша үздік ойыншылары марапатталды.

Тәжікстан ойыншысы Сафармад Гафоров үздік қақпашы атанды.

Тәжікстан ойыншысы Сафармад Гафоров үздік қақпашы атанды.

Үздік қорғаушы - жеңімпаз команданың құрамында ойнаған Абдурауф Мехрубони.

Белорусия құрамының жартылай қорғаушысы Глеб Кучко өз позициясында үздік деп танылды.

Турнирдің үздік шабуылшысы атағы Молдова құрамасының намысын қорғаған «Шальке 04» клубының футболшысы Дориан Накуға бұйырды.

Қазақстан құрамасының сапында ерекше ойынымен көзге түскен алматылық «Қайраттың» шабуылшысы Ян Труфанов турнирдің үздік сұрмергені атанды.

«Даму кубогы-2021» үздік ойыншысы Тәжікстан жастар құрамасының жартылай қорғаушысы Хусрав Тоиров болды.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!