Қазақстандық, әлемнің 193-ракеткасы Тимофей Скатов Португалиядағы Оэйраш челленджер турнирін жеңіспен бастады.
Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 493-орында тұрған португалиялық Тьяго Какаомен кортқа шықты.
Скатов сағат жарымнан астам уақытқа созылған матчта 6:2, 6:1 есебімен жеңіске жетті. Ол 8 брейк-пойнттың алтауын пайдалана білді. Қарсыласы 1 брейктен (11 брейк-пойнт) аса алмады.
Тимофей екінші айналымда әлемнің 116-ракеткасы, бразилиялық Тьяго Монтейро немесе рейтингте 185-сатыдағы италиялық Джанмарко Моронидың біреуімен кездеседі.
Тағы бір қазақстандық Денис Евсеев Лугано (Швейцария) челленджер турнирі іріктеу сайыстарының финалында босниялық Алдан Сеткичке 3:6, 2:6 есебімен есе жіберіп, негізгі жарысқа қосыла алмады.
Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.












