Тимофей Скатов Италиядағы жарыстың ширек финалына шықты

Қазақстандық Тимофей Скатов Италиядағы Розето-дельи-Абруци 2 челленджер турнирінің ширек финалына шықты.

Дүниежүзілік рейтингте 221-орында тұрған 21 жастағы Т.Скатов екінші айналымда әлемнің 202-ракеткасы, португалиялық Гаштау Элиашпен шеберлік байқасты.

Қазақстандық теннисші 6:2, 0:6, 7:5 есебімен жеңіске жетті.

Екі сағат жарым уақытқа созылған матчта Т.Скатов 1 эйс жасап, 11 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. Қарсыласы да 1 эйс, 5 брейкпен (13 брейк-пойнт) көзге түсті.

Скатов жартылай финалға шығу үшін әлемнің 219-ракеткасы, хорватиялық Нино Сердарушичпен таласады.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!