Таразда таеквондодан Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр

Таразда таеквондодан жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты басталды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Республикалық біріншілікке 2008-2010 жылы туған жасөспірім спортшылар қатысуда. Чемпионат жүлдесін еліміздің 14 облысы мен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларынан барлығы 580 спортшы сарапқа салады.

Қазақстан чемпионатында жеңімпаз және жүлдегер атанған спортшылар жасөспірімдер құрамасына шақырту алып, алдағы маусымдағы Азия және әлем біріншіліктерінде ел намысын қорғайды. Айта кетерлігі, биыл жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты Болгарияда, ал Азия чемпионаты Моңғолияда өтеді.

Жасөспірім атлеттер 18 наурызға дейін өзара мықтыны анықтайды.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!