ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

«Тағы екі позицияны нығайтамыз». «Тұранның» бас бапкері аллағы жоспарымен бөлісті

«Тұран» клубының бас бапкері Владимир Газзаев Түркиядағы оқу-жаттығу жиынын қорытындылап, алдағы маусым жайлы, жаңадан келген ойыншылар туралы пікірімен бөлісті.

— Владимир мырза, жаттығу жиыны қалай өтті? Қандай жұмыстар атқарылды? Әлі де істейтін жұмыстар бар ма?

— Анталиядағы жаттығу жиынына кеш келуімізге байланысты дайындық жоспарына өзгеріс енгізуге тура келді. Жиынның басында біз дайындықтың базалық кезеңін өткіздік. Команда физикалық және тактикалық тұрғыдан дайындалды. Жаттығулар ойыншылардың функционалдық жағдайына көп күш түсіруге арналған. Сосын бірнеше бақылау ойындарын өткіздік. Жиында барынша тырысып, үлкен күш-қуатпен жұмыс істеген ойыншыларымызды атап өткім келеді. Жоспарымызды өзгертуге мәжбүрлеген ауа-райының қолайсыздығына қарамастан маусым алдындағы дайындыққа қойылған мақсатымызды орындап шықты. Ал жиынның өзі өте жақсы деңгейде өтті. «Тұранның» дайындығы үшін барлық жағдай жасалды. Бұл бірінші кезекте, екі ОЖЖ-ға қатысып, басы-қасында жүрген біздің бас директор Айбек Бауыржанұлы Тілеужанның еңбегі. Бұған қоса спорт директоры Фархадбек Рафшанұлы Ирисметовтің де істеген жұмысын атап өткім келеді. Ол команданы жасақтауда көп еңбек атқарды.

— Жиынды «Карпатыға» қарсы бақылау матчымен аяқтауымыз қажет еді, алайда ауа-райының қолайсыздығына байланысты ойын өтпеді. Жалпы, бақылау ойындары жайлы не айтасыз?

— Өкінішке қарай, «Карпатыға» қарсы матч ауа-райының кесірінен өтпеді. Дегенмен, біз бірнеше бақылау ойындарын өткізіп, өзіміздің мықты және әлсіз тұсымызды білдік. Атқарылған жұмыстың көп болғанына қарамастан әлі де кейбір позицияларды, нақтырақ айтқанда қақпашы мен шабуыл шебін нығайтуымыз керек. Тіркеу кезеңінің аяқталуына әлі уақыт бар, сондықтан команданы әлі толықтырамыз деп үміттенемін.


— Клубқа келген жаңа ойыншылар жайлы не айтасыз?

— Біз бірқатар мықты ойыншылармен келісім-шартқа отырдық. Седрик Гогуа – ивуарлық орталық қорғаушы, Мәскеудің ЦСКА және Белградтың «Партизан» командаларында ойнаған. Бойшаң, баспен жақсы ойнайды, допты ойынға қоса біледі. Біз оны нағыз футбол жасында алдық. Ол 27-де. Алаң ортасында бір-бірін сөзсіз түсінетін нигериялық Чиди Осучукву мен сенегалдық Абдуллай Диакате бар. Екеуі де Қазақстан футболының жанкүйерлеріне жақсы таныс. Диакате ҚПЛ-дағы 11-ші маусымын өткізгелі жатыр. Ол «Тараз», «Атырау», «Ордабасы» сапында доп тепкен. Абдуллай біздің чемпионаттың ерекшелігімен жақсы таныс. Оның үстіне ол әр матчта барын салады. Сьерра-леонелік Рафаэль Корома – жас әрі болашағынан зор үміт күттіретін орталық қорғаушы. Жасы небәрі 21-де, алайда мықты центрдеф болу үшін бойында жеткілікті қасиет бар. Клубтың тағы жаңа ойыншысы - ресейлік қорғаушы Александр Клещенко. Екеуіміз «Тобылда» бірге жұмыс істедік. Ал өткен маусымды ол «Ордабасы» сапында өткізді. Александр мансабында «Томь», «Кубань», «Алания» сапында ойнаған. Еркін Тапалов – Қазақстан құрамасының ойыншысы. Алаңның ортасында да, қапталда да ойнауға шеберлігі жетеді. Қақпаны Қырғызстан ұлттық құрамасының мүшесі Ержан Токотаев қорғайды. Ержан әлі жас, дегенмен сапалы ойын көрсетіп жүр. Ол командаластарымен тез тіл табысып кетті. Болашағынан зор үміт күттіретін ойыншы. Сондай-ақ біз Қазақстан жастар құрамасының ойыншысы Лев Скворцовты қатарымызға қостық. Сұлтан Әбілғазы - «Оқжетпес» мен «Тобылда» доп тепкен. Максим Федин - чемпионаттағы ең жылдам ойыншылардың бірі. Өткен маусымда ойынымен жарқырамаса да оның қабілетін жақсы білемін. Әрине, Азат Нұрғалиев - нағыз көшбасшы. Қазақстан футболының ардагері, кейінгі он жылдықтағы ең дарынды футболшыларының бірі. Біз оның тәжірибесіне, шеберлгі мен нағыз жауынгерге тән қасиетіне сенім артамыз.


— Чемпионаттың басталуына аз уақыт қалды. Алғашқы ойын өз алаңымызда «Таразға» қарсы өтпек. Не айтасыз?

— Алғашқы матчтар әркез уайымға толы өтеді. Бәрі маусымды жақсы бастағысы келеді. Жамбылдық команда өз түлектеріне сенім артады, ал «Тараздың» футбол мектебі еліміздегі ең үздіктердің бірі. Бізді қызық матч күтіп тұр деп ойлаймын. Біздің жігіттер жеңіске жету үшін бар күшін сарп етіп, қабілетін көрсететініне күмән келтірмеймін.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!