Германияның Гармиш-Партенкирхен аймағында шаңғымен трамплиннен секіру бойдынша «Төрт трамплин турнесі» додасының екінші кезеңінің іріктеу кезеңі мәресіне жетті. Olympic.kz отандық спортшылардың нәтижесін ұсынады.
Іріктеу кезеңінің нәтижесі бойынша Сергей Ткаченко 113 метрге секіріп, ол төрешілер тарапынан 93.4 баллға бағаланды. Дланил Васильев 115.5 метрге секіріп, 96.6 балын еншіледі. Ал Сабыржан Муминовтің 115 метрге секіргені 87,3 балын әкелді.
Жарыстың негізгі кезеңі бүгін өтеді.
Айта кетерлігі, аталған үш спортшы осыған дейін Оберстдорфеде өткен кезеңде де іріктеу сыннан аса алмаған болатын.
Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.












