ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

«Төрешілер бұра тартуы мүмкін». Махмұд Сабырхан «Странджа» турнирін қорытындылап, ең қиын жекпе-жегін атады

Бокстан Болгария астанасы Софияда өткен «Странджа» турнирінде алтын жүлдегер атанған Махмұд Сабырхан Olympic.kz сайтына сұқбат беріп, дәстүрлі дода туралы ойымен бөлісті.

«Бұл менің әлем біріншілігінен кейін қатысып отырған алғашқы турнирім. София төрінде үш кездесу өткіздім. Бірінші жекпе-жекте Германия спортшысын ұттым. Кейін Ресейдің және Болгарияның осы салмақтағы бірінші нөмірлі боксшыларынан басым түстім. Ақтық сында қарсыласым кездесуге шығудан бас тартып, автоматты түрде жеңімпаз атандым.

Өзім үшін Болгария боксшысымен өткен жекпе-жек ауырлау өтті. Біріншіден – өте жақсы боксшы, екіншіден – шаршы алаң қожайыны. Айқын басымдықпен ұтпасаң, төрешілер шешімі басқа болуы мүмкін. Сондықтан барымды салып, 5:0 есебімен жеңіске жеттім.

Биылғы маусымда ірілі-ұсақты халықаралық турнирлер жиі өтеді. Сол бәсекелерде бақ сынап, 2022 жылғы жазғы Азия ойындарына дайындалуды мақсат етіп отырмын», – деді Махмұд.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!