«Тұранның» жас шабуылшысы «Мақтааралға» ауысады

«Тұранның» 20 жастағы шабуылшысы Алияр Мұхамед мансабын басқа клубта жалғастырмақ, деп хабарлайды Meta-ratings.kz тілшісі.

Инсайдер Айдын Қожахметтің мәліметінше, жас футболшы Премьер-лигаға жолдама алған «Мақтаарал» клубының оқу-жаттығу жиынына қатысқалы жатыр.

Шымкент футболының түлегі мансабын «Оңтүстік» Академиясында бастаған. Былтыр «Тұран» сапында 25 матч өткізді. Сондай-ақ Қазақстан (U-21) жастар құрамасына шақырту алып, үш матчқа қатысты.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!