«Тұран» сенегалдық футболшымен келісім-шарт жасасты

«Тұран» 34 жастағы сенегалдық жартылай қорғаушы Абдуллай Диакатемен келісім-шартқа отырғанын хабарлады.

Бұған дейін тәжірибелі футболшы түркиялық «Сакарьяспор», «Ризерспорда», сондай-ақ «Тараз» мен «Атырау» командаларында өнер көрсеткен.

Диакате 2016 жылдың қаңтарынан бері шымкенттік «Ордабасы» клубының намысын қорғады. Жалпы өткен маусымда ол 21 матч өткізіп, 4 гол мен 3 нәтижелі пастың авторы атанды.

Бұған дейін түркістандық клуб «Ордабасының» нигериялық жартылай қорғаушысы Чиди Осучуквуді қатарға қосқан еді.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!