«Тұран» қорғаушысына «Мақтаарал» клубы көз тікті

«Тұранның» қорғаушысы Мардан Төлебек қыста командасын ауыстыруы мүмкін, деп хабарлайды Vesti.kz.

Дереккөздің хабарлауынша, оған Премьер-лигаға жолдама алған «Мақтаарал» клубы қызығушылық танытуда.

31 жастағы Төлебек өткен маусымда барлық турнирлерде 12 кездесуге қатысып, екі гол соқты. Оған дейін Мардан тек «Ордабасы» клубының намысын қорғаған.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!