ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

«Түбегейлі кеткен жоқпын». Абылайхан Жүсіпов кәсіпқой боксқа ауысуына қатысты мәлімдеме жасады

Бокстан Қазақстан командасының капитаны Абылайхан Жүсіпов кәсіпқой боксқа ауысты. Бұл туралы спортшының өзі мәлімдеді, деп хабарлады Olympic.kz.

«Бұл шешімді әлем чемпионатынан кейін қабылдадық. Әуесқой бокстан түбегейлі кеттім демеймін. Бас бапкерге хабарласып, рұқсатын алдым. Алдағы уақытта ірі жарыстар қарсаңында ұлттық құрамамен жаттығатын жоспарым бар», - дейді Жүсіпов.

Абылайхан Жүсіпов бокстан әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері. Рио және Токио Олимпиадаларының қатысушысы.

Сербиядағы әлем чемпионатына Абылайхан команда капитаны ретінде қатысқан болатын.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!