ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Слаломды есуден Азия чемпионатында екі алтын алған спортшы өз нәтижесіне баға берді

Жақында Таиландта өткен слаломды есуден Азия чемпионатында Қазақстан құрама командасы 16 медаль жеңіп алды. Екі алтын медальді қоржынға салған Әділ Аманбаев Olympic.kz-ке берген шағын сұхбатында өз нәтижесіне баға берді.

«Біздің команда таяуда Таиландта өткен Азия чемпионатында жақсы нәтиже көрсетті деп санаймын. Мен өз көрсеткішіме де дән ризамын, 23 жасқа дейінгі каноэде есу бойынша жекелей сында және ересектер арасындағы командалық жарыста екі алтын медаль жеңіп алдым. Бұл жарысқа үлкен үмітпен аттандық. Барлық спортшылар сияқты, мен де тұғырдың жоғары сатысынан көрінгім келді. Ойлағанымды жүзеге асыра алдым, өте қуаныштымын. Бәсекелестік те жақсы болды. Әсіресе, менің дисциплинамда Таиланд пен Өзбекстан өкілдері мықты болды.

Дайындығымыз БАӘ-де ақпан айының басында басталды. Біздің жаттығуларымыз көптеген физикалық қасиеттерді дамытуға бағытталды: тегіс суда, каналда және құрлықта да дайындалдық. Көңіл-күйіміз де жақсы етін, ұзақ уақыт бойы халықаралық жарыстар болмағасын, басқа елдердің спортшыларымен бәсекеге түсу біз үшін үлкен қуаныш болды.

Әрі қарай біз осы жылдың басты жарыстарына дайындалатын боламыз. Олардың қатарында Азия ойындары және Әлем кубоктары мен ересектер арасындағы әлем чемпионаты. Маусым басталды, қарқынды арттыруымыз қажет», — деді спортшы.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!