ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Щучинскте биатлоннан Азия чемпионаты өтеді

10-20 наурыз аралығында Щучинск қаласында биатлоннан жасөспірімдер мен жеткіншектер арасындағы ашық Азия чемпионаты өтеді.

Қысқы спорт түрлері бойынша Олимпиадалық даярлау орталығының спорт базасында Қазақстан, Моңғолия және Қырғызстаннан 100-ге жуық жасөспірімдер мен жастар бас қосады. Моңғолия жастар құрама командасы Нұр-Сұлтан қаласы әуежайына ұшып келіп, Щучинск қаласындағы демалыс базасында оқу-жаттығу жиынын өткізуде.

Еске сала кетейік, «ASIAN OPEN CHAMPIONSHIP» өткізілуінің басты мақсаттарының бірі - 2023 жылы өтетін жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына дайындалу. Біздің одағымыз отандық биатлон тарихында алғаш рет ауқымды халықаралық жарысқа өтінімді жеңіп алды. Соған орай, Халықаралық Биатлоншылар Одағы (IBU) тарапынан арнайы төрешілер семинары мен емтихан өткізіліп, оның қорытындысы бойынша одағымыздың төрешілері халықаралық санатын алды.

Сонымен қатар Ашық Азия чемпионатында Қазақстан биатлоншылар одағы тарапынан спринт және жеке жарыстардың қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерге ақшалай сыйлықтар табысталады.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!