Шавқат Рахмонов UFC-дегі үшінші жекпе-жегін жеңіспен аяқтады

Қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов (14-0) UFC-дегі үшінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Meta-ratings.kz .

Ол Лас-Вегаста (АҚШ, Невада штаты) UFC Fight Night 200 турнирінде гайаналық Карлстон Харриспен (17-4) жекпе-жекке шықты. Жартылай орта салмақта өткен бұл кездесу үш раундқа жоспарланған еді. Алайда жерлесіміз бірінші раунда-ақ айналып теуіп, қарсыласып сұлатып түсірді.

Осылайша Шавкат Рахмонов кәсіпқой мансабында 15-ші жеңісіне қол жеткізді. Ал Карлсон болса, бесінші рет жеңіліс тапты.

Айта кетейік, Рахмоновтың бұл UFC-дегі үшінші жекпе-жегі. Бұған дейін ол сабмишн әдісімен бразилиялық Алекс Оливейруды (22-11-1-2) және Мишел Празеристі (26-4) тізе бүктірген еді.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!