«Шахтер» ресейлік қорғаушымен келісім-шарт жасаспақ

Қарағандылық «Шахтер» 24 жастағы ресейлік қорғаушы Кирилл Маляровпен келісім-шартқа отыруға жақын, деп хабарлайды Матч ТВ арнасы.

Футболшыға команданың бас бапкері Магомед Адиев қызығушылық танытып отыр және тағы бірнеше ресейліктерді шақырмақ ниетте.

Кирилл Маляров қорғаныстың оң қапталында өнер көрсетеді. Қажет болса, сол қапталда да ойнай алады. Еске сала кетейік, осы позицияларда ойнаған Ескендір Қыбырай мен Давид Атанаскоски жақында ғана командадан кеткен болатын.

Маляров кәсіпқой мансабын «Нижний Новгородта» бастады, одан кейін мәскеулік «Динамо», «Олимпиец», «Ротор», «Ростов» командаларында, сонымен қатар белорусиялық «Белшинада» ойнады. Қорғаушының соңғы клубы «Нижний Новгород» болды, ол ФНЛ-дің 2020/21 жылғы маусымында 34 матч өткізді.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!