«Шахтер» «Ақжайықтың» үздік сұрмергенін қатарға қосты

Оралдық «Ақжайық» командасының өткен маусымдағы үздік сұрмергені Николай Ковталюк мансабын қарағандылық «Шахтерде» жалғастырады, деп хабарлайды Грузияның lelo.ge сайты.

Дереккөз Грузияның «Диласында» ойнаған Ковталюктің Гори қаласына келгенін жазды. Көпшілік украиналық шабуылшы мансабын Грузияда жалғастырады деп ойлады, бірақ 26 жастағы шабуылшының достарына қонаққа келгені және жаңа маусымнан бастап «Шахтер» сапында ойнайтыны белгілі болды.

Өткен маусымда Ковталюк Премьер-лигада «Ақжайық» үшін 24 матч өткізіп, алты гол соқты және клубтың үздік сұрмергені атанды. Сондай-ақ Қазақстан кубогінде төрт кездесуде бір гол соқты.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!