ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

«Сенімді ақтауға тырысамын». Еркін Тапалов «Тұранға» ауысуы туралы пікір білдірді

«Тұранға» жаңадан келген ойыншы Еркін Тапалов клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында командаға ауысқандағы жайлы пікір білдіріп, Түркістан қаласы мен стадионға жоғары баға берді.

— Еркін, қош келдің! «Тұранға» ауысу туралы нұсқа қалай пайда болды?

— Сәлеметсіз бе, рахмет! Премьер-лигадан ұсыныстар көп болды, бірақ ең ерекше ұсыныс «Тұраннан» түсті. Клуб басшылығы және бас бапкер Владимир Газзаевпен әңгімелескеннен кейін бұл шақыртуды қабыл алып, келісім-шартқа отыруды ұйғардым.

— «Тұранға» жақында қосылдыңыз. Командаға үйреністіңіз бе?

— Клуб сапында жүргеніме төртінші күн болды. Осы уақыт аралығында әкімшілік штабпен, жаттықтырушылармен және алаңдағы әріптестеріммен танысып үлгердім. Адаптация жақсы өтіп жатыр. Көп ойыншыларды танимын, кейбіреуімен бір командада ойнағанбыз.

— «Тұран» сапында алдыңызға қандай мақсат қойдыңыз?

— Мақсатым - командаға жақсы нәтижеге жетуге көмегімді тигізіп, әрі қарай да Қазақстан құрамасына шақырту алу.

— Стадион ұнады ма? Жалпы, бұған дейін Түркістанда болдыңыз ба?

— Мұндай стадионда ойнаудың өзі бір ғанибет, барлық жағынан үздік стадиондардың бірі дер едім! Түркістан көз алдымызда өзгеріп келеді. Өте әдемі қала, тарихи көрнекі орындар көп. Жаңа клубтың сапына қосылғаныма қуаныштымын. Өз кезегімде жанкүйерлердің сенімін ақтауға тырысамын.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!