ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Роджер Каньяс «Шахтер» клубының ойыншысы атанды

31 жастағы колумбиялық жартылай қорғаушы Роджер Каньяс қарағандылық «Шахтермен» келісім-шарт жасасты.

Каньяс 2012-2014 жылдар аралығында «Шахтер» сапында ойнаған болатын. Қарағандылық клубпен Қазақстан чемпионатын, ел кубогін және суперкубогін жеңіп алды. 2013 жылы «Шахтермен» бірге алғаш рет Еуропа лигасының топтық кезеңіне өтті. Клуб жейдесінде 66 матч өткізіп, 9 гол соқты, 3 нәтижелі пас берді.

Сондай-ақ Қазақстанда ұзақ уақыт бойы «Астанада» өнер көрсетті. Елордалық клубпен төрт рет чемпион атанды, Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының топтық кезеңіне шықты. «Астана» сапында 119 матч өткізіп, 15 гол мен 13 нәтижелі пастың авторы атанды.

Кейінірек «Ордабасы» (12 матч) және «Ертіс» (17 матч) командаларының да намысын қорғады. 2019 жылы павлодарлық клубтан кеткеннен кейін екі жыл бойы жұмыссыз жүрді. Ал 2021 жылдың сәуірінен бастап чилилік «Барнечеа» клубында доп тепті.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!