Ресей Жоғарғы лигасының үздік сұрмергені «Ақтөбе» ШФК ойыншысы атанды

Ресей Жоғары лигасының үздік сұрмергені Станислав Агеев «Ақтөбе» шағын футбол клубының қатарына қосылды, деп хабарлайды команданың баспасөз қызметі.

31 жасар ойыншы Новокузнецк қаласында туып, сонда футзалмен айналыса бастайды. Ресейлік шағын футбол жанкүйерлеріне кемероволық «Корпорация АСИ», «Металлург-Кузбасс» (Новокузнецк), «Сибиряк» (Братск), «Шахтёр» (Прокопьевск) және «Распадская» (Междуреченск) клубтарында өнер көрсетіп танылған.

Агеевтің соңғы клубы мәскеулік «Спартак» болды, оның сапында ол РФ Жоғары лигасы «Батыс» Конференциясында 16 матчта 15 гол соғып, «Ақтөбеге» ауысқанға дейін турнирдің үздік сұрмергені атанып тұрды.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!