Путинцева Australian Open-дегі жорығын аяқтады

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева «Үлкен дулыға» турнирлерінің санатына жататын Australian Open-нің жұптық сынында да сәтсіздікке ұшырады.

Путинцева мен америкалық София Кенин 1 сағат 59 минутқа жалғасқан кездесуде бір эйс жасап, екі мәрте қос қателікке жол беріп, мүмкін болған төрт брейкпойнттың үшеуін іске асырып, қытайлық жұпқа есе жіберді.

Юлия Путинцева / София Кенин (Қазақстан / АҚШ) — Сюй Ифань / Ян Чжаосюань (Қытай) — 1:2 (5:7, 6:4, 1:6)

Осылайша Путинцева Australian Open-дегі жорығын аяқтады. Естеріңізге сала кетсек, Юлия жекелей сынның алғашқы айналымында франциялық Хармони Танға жеңіліп қалған еді.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!