ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Постников «Астанадан» кеткеннен кейін өз ойымен бөлісті

Елордалық «Астананың» ойыншысы Евгений Постников клубпен екі жақты келісім арқылы келісімшартты бұзып, командадан кетті. Осы жөнінде клубтың баспасөз қызметіне мәлімдеме жасады.

«Астана» футбол клубы маған жарқын көңіл-күй мен естеліктер сыйлады. Менің ойымша, кез-келген футболшы Чемпиондар Лигасы мен Еуропа Лигасының топтық кезеңінде ойнауды армандайды және маған Астана сапында осындай мүмкіндік берілді. «Астана» құрамында болған жеті жыл мен және менің отбасымның есінде мәңгі қалады. Балаларым мен жұбайым өздерін үйдегідей сезінді, біз өте көп дос таптық!

Бірақ қоштасатын кез келді. Мен клубқа және алаңға бірге шыға бақыты бұйырған әріптестеріме, бүкіл жаттықтырушылар штабына, басшылыққа, барлық қызметкерлерге, әрине, жанкүйерлерге бақытты жеті жыл үлкен рақмет айтқым келеді.

«Астананы» алда жарқын болашақ күтіп тұрғанына сенімдімін. Команданың тезірек жоғары дәрежеге көтерілуін тілеймін, оған клубтың өзі де, оның адал жанкүйерлері де лайық!», – ағынан жарылды Постников мырза.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!