Попко Аргентинадағы турнирдің іріктеу кезеңінен аса алмады

Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко (177) Аргентинада өтіп жатқан Cordoba Open ATP 250 турнирінің іріктеу кезеңінен аса алмады.

Попко 1 сағат 59 минутқа жалғасқан кездесуде екі эйс жасап, үш мәрте қос қателікке жол беріп, мүмкін болған 11 брейкпойнттың үшеуін іске асырып, аргентиналық Хуан Пабло Фиковичтен (236) жеңіліп қалды.

Хуан Пабло Фикович (Аргентина) — Дмитрий Попко (Қазақстан) — 2:1 (2:6, 6:3, 6:1)

Аталған турнирдің жалпы жүлде қоры 493 875 долларды құрайтынын да айта кеткен жөн.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!