Ренат Талғатұлы Сууров «Ақсу» футбол клубының спорт директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды команданың баспасөз қызметі.
Осыған дейін маман ҚКФЛ атқарушы директорының орынбасары қызметін атқарған.
Ренат Талғатұлы еңбек жолын 2010 жылы Өскемен қаласының «Восток» клубының құрылымында бастаған. Кейін бірнеше жыл бойы «Сұңқарда» және «Ордабасыда» қызмет істеді.
2014 жылдан бастап Қазақстанның кәсіби футбол лигасына жұмысқа ауысып, спорт департаментінің құрамына кірді.
Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.











