ҚПЛ дебютанты еуропалық чемпионатта қызмет еткен маманды бас бапкер қылып тағайындады

Маргулан Жакып
14.01.2022
19:25
Новость
Футбол

Атакенттік «Мақтаарал» клубына бас бапкер болып Андрей Ферапонтов тағайындалды, деп хабарлайды команданың баспасөз қызметі,

«Константин Горовенко бапкерліктен кеткеннен кейін «Мақтаарал» басшылығы бірнеше бапкерлермен келіссөздер жүргізді. Біз бұл туралы алдын да айтқан болатынбыз. Енді «Мақтааралда» жаңа бапкер. Аты-жөні — Андрей Ферапонтов!

Андрей бапкердің есімі сіздерге жақсы таныс. Ол бұған дейін де Мақтааралдың тізгінін ұстап үлгерді. Тәжірибесі мол 45 жастағы маман биыл «Мақтаарал» футбол клубын ҚПЛ-на бастап барады. Осыған дейін «Ордабасы», «Рух», «Оқжетпес», «Қазақстан U-17» секілді құрамамен командалардың бас бапкері көмекшісін қызметін атқарған Андрейдің клубқа пайдасы тиері сөзсіз.

Андрей Ферапонтовтың көмекшісі болып Руслан Эсатов тағайындалды. Ойыншылардың физикалық дайындығына жауапты — Александр Кучма, ал қақпашылардың бапкері болып Виталий Кувшинов қалды», — делінген клубтың жазбасында.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!