ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Пьер-Эмерик Обамеянг «Барселона» ойыншысы атанды

Габондық шабуылшы Пьер-Эмерик Обамеянг «Барселонамен» келісім-шартқа отырды, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі. Бұған дейін «Арсенал» шабуылшымен келісім-шартты тараптардың өзара мәмілесі бойынша бұзғанын хабарлаған болатын. Сәйкесінше, шабуылшы каталондық клубқа еркін агент ретінде ауысты.

Обамеянгтың «Барселонамен» келісім-шарты 2025 жылдың маусымына дейін есептелген. Келісімшарт өтемақы сомасы 100 миллион еуроны құрайды.

«Мен осында келгеніме өте қуаныштымын және бақыттымын. Алаңға шығар сәтті тағатсыздана күтудемін. Бұл әлемдегі ең үлкен клубтардың бірі. Мен үшін осында болу үлкен мәртебе. Сондықтан «Барселонамен» келісім-шартқа отырдым. Тәжірибем жеткілікті, Германияда, Францияда, Англияда ойнадым. Сондықтан мұнда барымды салып, командаға барынша көмектесу үшін келдім », - деді Обамеянг.

Габондық шабуылшы осы маусымда Премьер-лигада 14 ойынға қатысып, төрт гол соқты, бір нәтижелі пас берді.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!